KIOSH 2016: Экономикалық даму факторы ретінде ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Астаналық «Көрме» көрме орталығында 27-28 сәуірде 6-шы рет қатарынан Еңбекті қорғау және Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі «KIOSH-2016» Форумы өтеді, оған Көрме мен Конференция қосылады.
Қауіпті нысандардың және өндірістің ұлғайған көлемі кез-келген кәсіпорын үшін қауіпсіздік мәселесін басты басымдылықтардың қатарына қосады. Қазіргі таңда барлық экономикалық дамыған елдерде қауіпті нысандарды салуды, жобалауды, қайта құруды, пайдалануды және таратуды лицензиялаудың ерекше тәртібі қабылданды, бұл мемлекетке қызметтің осы саласында бақылауды жүзеге асыруға және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне тікелей әсер етуге мүмкіндік береді.
KIOSH 2016 адамзат қызметінің барлық салаларын біріктіреді, бірақ осы жылы кәсіби тәуекелдің жоғары деңгейі бар салаларға ерекше назар аударылады – мұнай – газ индустриясы, көмір және тау – кен рудасы өнеркәсібі, химиялық, атомдық өнеркәсіп, энергетика және құрылыс.
KIOSH 2016 конференциясы еңбектің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тәуекелдерді басқарудың тәсілдері мен қағидаттарын бірыңғай түсіну үшін халықаралық ұйымдар мен институттардың қатысуымен, мемлекеттік және бизнес құрылымдарының арасында тиімді диалогтың орталық аумағы бола отырып, жарақаттану мен кәсіби аурулардың алдын-алудың жаңа тәсілдерінің өзекті мәселелері мен болашақта дамытылуын талқылауға шығарады.
Конференцияның барысында келесі тақырыптар ашылады:
• «Өндірісте еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге экономиканың әсер етуі: сын-тегеуріндері мен перспективалары»
• «Еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша заңнаманы сақтай отырып кәсіпорындарда ішкі бақылауды жүзеге асырудың өзекті мәселелері»
• «Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері»
• «Кәсіби тәуекелдерді басқару және стандарттау өндірісте жазатайым оқиғалардың алдын – алудың құрамдас бөлігі»
Сонымен қатар, 2 дөңгелек үстел болады:
• Қазақстанның қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік: проблемалары мен перспективалары
• Жеке және ұжымдық қорғаныстың құралдарына арналған Қазақстанның жеңіл өнеркәсіб саласын дамытудың өзекті мәселелері: үрдістері мен перспективалары
Конференцияның барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Денсаулық сақтаудың Дүниежүзілік ұйымының, Еңбектің Халықаралық ұйымының, ҚР КҰП баяндамалары оқылады.
Өндірістегі денсаулықтың қорғалуының тәжірибесімен ERG Еуразиялық тобы, ПВ «Фирма «Техноавиа», Skincare Innovations B.V.және т.с.с. ірі компаниялардың өкілдері бөліседі.
KIOSH 2016 көрмесі өзінің компаниясын ұсынуға және қоғамдық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жабдықтар мен технологиялардың жаңалығын көрсетуге бірегей мүмкіндік береді. Осы жерде ғана бәсекелестердің іскерлік белсенділігін, олардың өнімі мен қызметтерін зерттеуге, нарықтың сұранысы мен ұсыныстарын бағалауға, тиімді шарттар мен келісімшарттарды жасауға болады.
Көрмеде жеке қорғаныс құралдарының үлкен желісі, өлшеуіш құралдары, құрылысшыларға арналған қорғаныс құралдары мен өнеркәсіптік альпинизм құралдары, ауаны тазарту жүйелері, ұжымдық қорғаныс құралдары және осы саланың басқа да жетістіктері ұсынылады.
Дәстүрлі түрде KIOSH форумын ауқымды іскерлік бағдарлама, толық тұсаукесерлер, дөңгелек үстелдер мен мастер класстар ерекшелендіреді. Жобаның аясында әдетте саладағы ең үздік атағына «Қорған» ұлттық салалық конкурсының қорытындылары және республиканың жұмыс берушілерінің арасында еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша «Сенім» конкурсының қорытындылары жүргізіледі.
KIOSH өзгермейтін ұйымдастырушылары — ITE Group (Ұлыбритания) халықаралық серіктесімен біріге отырып Iteca қазақстандық көрме компаниясы. Алтын серіктестер – ERG Еуразиялық тобы мен «Allies Industrial» компаниясы, күміс серіктес – «Теңізшевройл».
Жобаның мемлекеттік серіктесі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Жобаға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми – зерттеу институы» РМКК, ҚР тау-кен қазушы және тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығы, ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы, РФ «ЖҚҚ» қауымдастығы, РФ Еңбекті қорғау орталықтарының ұлттық қауымдастығы (ЕҚОҰҚ), Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен Еңбекті қорғау институты IOSH (Ұлыбритания).
KIOSH 2016 жобасының басты ақпараттық серіктесі «МЦФЭР-Казахстан» болып табылады.
Ресми сайт — www.kiosh.kz.
Анықтама:
2015 жылдың көрмесінде 40 астам компания қатысты, олардың 55% 2016 жылдың көрмесіне қатысуды жоспарлауда. Келушілердің арасында тау-кен металлургиялық, энергетикалық, құрылыс, мұнай секторларының мамандары болды. Келушілердің 24% жаңа жеткізушілерді тапты және жеткізуге шарттар жасады.