Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Автор: Павлодар облысынның Денсаулық сақтау басқармасы
Рухани жаңғыру Спецпроект «Туған жер» Дарина Рамазановна
18-10-2017 09:00
 Рухани жаңғыру Спецпроект «Туған жер» Дарина Рамазановна

Дарина Рамазановна – ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК неврологиялық бөлімшесінің педиатр дәрігері

Жоғары оқу орындарын бітіргеннен соң, түлектердің алдында «қайда жұмыс істеуге бару керек?» деген сауал тұрады. Өз туған жерің бе, немесе басқа өлкеге кету ме дегендей. Дарина Рамазанқызы өзінің Павлодар қаласында қызмет ететіндігі нақты білген. «Маған үнемі өз қалам ұнайтын, осы жерде менің балалық шағым өтті, осы жерде мен армандадым» — деп, Динара Рамазанқызы Түсіпова есіне түсіреді. «Менің басты мақсатым – білікті балалар дәрігері болу»-деді Дарина Рамазанқызы.

Динара Рамазанқызы Түсіпова орта мектепті аяқтаған соң, 2007 жылы Астана қаласының медициналық университетіне түсті. 2012 жылы аяқтаған соң «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатураға түсті. 2014 жылдан баста 2016 жылы «Ұлттық ана мен баланы қорғау орталығы» АҚ педиатр дәрігерінің мамандығы бойынша резидентурадан өтті. Қазір ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК неврологиялық бөлімшесінің педиатр дәрігері болып қызмет етеді.

Үздік дәрігер болу үшін жылдары бойы еңбек пен практика қажет. Жас дәрігердің жанында үнемі тәлімгер болуы керек. «Менің бағым жанды, менің тәлімгерім – Арман Қазыретұлы Иманов болды, көп жылғы еңбек тәжірибесі бар, Облыстық балалар ауруханасының балалар невропатолог дәрігері, ұжымының арасында беделге ие, өз ісінің майталманы. Ол әрқашан көмек беруге дайын» — дейді, Дарина Рамазанқызы. «Уақыт өте келе, менің түсінгенім менің ұжымым өте тамаша. Әріптестерімнің арасындағы қарым-қатынас достыққа айналды. Мен осы жерде көп жыл жұмыс істейтіндей сезінемін, барлығы бірін бірі таниды және туыс»-деп жас маман өз ойымен бөлісті, педиатр дәрігері Дарина Рамазанқызы.