![Жаңажылдық ертеңгіліктер](/media/img/blogs/700e8c9a906577109efb583382468100.jpg)
27-ші желтоқсан күні ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталық» КМК кәсіподақ комитеті қызметкерлердің балаларына жаңажылдық ертеңгілік ұйымдастырды. Іс-шараны өткізу үшін «Амадеус» компаниясының аниматорлары шақырылды. Балаларға театрландырылған қойылым көрсетілді. Басты кейіпкерлер: қабан Пумба, Малифесент, аққала, Аяз ата мен ақшақар болды.
Барлық балаларға сыйлықтар берілді