контакт: 8(718)2628011 bpp-pav@mail.ru
адрес: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 49/6
Мүгедектікті қалай рәсімдеуге болады?
02-03-2023 15:04
Мүгедектікті қалай рәсімдеуге болады?

Мүгедектік- жұмыспен  өмірдегі шектеулерге əкелетін тұрақты денсаулық бұзылысы.Шектеу дəрежесіне қарай мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тиісті əлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді.            

   Мүгедектік туралы өтініш беру үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1.Учаскелік дəрігерге хабарласыңыз, ол диагнозды, функционалдық  бұзылулардың дəрежесін белгілейді, қажетті тексерулердің  мөлшерін     анықтайды, сонымен қатар емдік жəне қалпына келтіру шараларының тізімін жасайды.

2.Тексеруден кейін тұрақты функционалдық бұзылулар болған кезде дəрігерлік   -сауқтыру  шараларынан кейін дəрігер  дəрігерлік- консультациялық комиссияға ( бұдан əрі-ДКК) жүгінеді.  ДКК диагнозды, тексеру туралы мəліметтерді жəне  емдеу, қалпына келтіру шараларын негізге ала отырып, медициналық- əлеуметтік сараптамадан өту үшін қорытынды дайындайды(бұдан əрі МƏС).

3.ДКК қорытындысымен МƏС өту керек. МƏС өту нəтижесі сараптамалық қорытынды болып табылады.Оның негізінде мүгедектік анықтама аласыз.

    Мүгедектікке  мұқтаж адам өз бетіше қозғалмай жатып қалса, мүгедектік онлайн беріледі,МƏС комиссиясы үйде тексереді.