контакт: 8(718)2628011 bpp-pav@mail.ru
адрес: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 49/6
Медициналық қызметкерлермен психологиялық жұмыс
19-07-2023 09:29
Медициналық қызметкерлермен психологиялық жұмыс

ШЖҚ Павлодар облысыныңхосписі»  КМК-да медицина қызметкерлерінеқарым-қатынас дағдыларын дамыту және ұжымды біріктіруге арналған тренингтер өткізілді. Тренингті психолог Дженалинова Дина Жанқызы жүргізді.  Бұл әдістер күнделікті өмірде өзара коммуникативті әрекеттесуге, ұялшақтықты жеңуге,  науқастармен қарым-қатынастың нақты әдістерін меңгеруге, сондай-ақ  ұжымда ұнамды эмоционалдық фонды құруға арналған.

Медицина қызметкерінің емделушілермен қарым-қатынасының ерекшелігі-  денсаулығында  проблемалары бар адам  кейде эмоционалды тұрақсыз, дөрекі, шыдамсыз. Сонымен өзденсаулығын медицина қызметкерлеріне сене отырып, пациент кәсібилік пен жанашырлық күтеді. Сондықтан,  науқасқа толық көмек көрсету үшін медицина қызметкері тек медициналық көмек  қана емес, сонымен қатар психологиялық көмек көрсетеді.

Біздің қызметкерлер өткізілген тренингтердің маңыздылығын түсінді, өйткені олар қақтығыс жағдайларын болдырмауға көмектеседі.