27–28 қараша 2025 жылы Павлодар облыстық хосписінде Смағұл Қойшыбаев атындағы институттың (Алматы қ.) невролог-дәрігері Айгерім Болатқызы Барбосинованың қатысуымен мастер-класс өтті.
Мастер-класс тақырыбы: «Паллиативтік көмек көрсетудегі постуральды менеджмент».
Мастер-класс аясында хоспистің медициналық қызметкерлері төсек тартып жатқан науқастарды дұрыс орналастыру техникасын үйреніп, ол ойық жаралардың, тоқыраулы пневмонияның, контрактуралардың және басқа да постуральды асқынулардың алдын алуға бағытталды.
Сондай-ақ ауыр халдегі пациенттерге тікелей күтім жасайтын медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Алынған білім алдағы уақытта пациенттерге күтім жасау тәжірибесінде және олардың отбасы мүшелерін оқытуда қолданылатын болады.




@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя