контакт: 8(718)2208854 bpp-pav@mail.ru Пациенттерді қолдау бойынша байланыс орталығы: 87084667905 жұмыс кестесі: 08:00-17:00
адрес: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 49/6
2025 жылғы қорытындылар
31-12-2025 18:50
2025 жылғы қорытындылар

Павлодар облысының хосписі ауыр сырқаттары бар, декомпенсация сатысындағы пациенттерге паллиативтік көмек көрсетеді. Көмек тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда және пациенттің үйінде – хоспистің көшпелі қызметі арқылы көрсетіледі.

2025 жылы стационарлық паллиативтік көмекті 1312 пациент, ал үй жағдайында 201 пациент алды.

Хосписте 5 терапевт-дәрігер, 1 хирург-дәрігер, психиатр (қосымша жұмыс атқаратын), 15 мейірбике, 18 пациенттерді күту бойынша санитарка жұмыс істейді.

Көрсетілетін көмектің сапасын сақтау мақсатында қызметкерлер жыл сайын оқытудан өтеді, пациенттерге күтім жасаудың жаңа әдістері енгізіледі. 2025 жылғы қараша айында хосписте «Постуральды менеджмент» бағдарламасы енгізіліп, оның аясында медициналық персонал постуральды менеджмент саласында жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларға ие болды. Оқыту жүргізу үшін хосписке С. Қайшыбаев атындағы Неврология және нейрореабилитация институтының дәрігер-невропатолог-реабилитологы Барбосинова Айгерім Болатқызы шақырылды.

Сондай-ақ кадрлық құрамды толықтыру мақсатында үш жыл бұрын хоспис тарапынан 2 қызметкер медициналық колледжге оқуға жіберілді. 2025 жылғы шілде айында олар мейірбике дипломдарын алып, хоспис стационарында мейірбике ретінде жұмысқа кірісті.

Жас мамандарды ұжымға тарту, ынталандыру және қолдау мақсатында постовой мейірбике ретінде жұмысқа қабылданған Киреева Надеждаға 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы көтермеақы төленді.

Хосписте іс жүзінде барлық пациенттер болып табылатын қозғалысы шектеулі азаматтар үшін жағдайлар жасалған: көпфункциялы төсектер, төсектің жанындағы жылжымалы үстелшелер, биодәретханалар, әр пациентке арналған шақыру батырмалары және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Хосписте төсек тартып жатқан пациенттерге күтім жасауға ерекше назар аударылады. Пролеженьдердің алдын алу және постуральды менеджмент картасы әзірленіп, енгізілген, бұл пролеженьдердің пайда болуын және контрактуралардың дамуын азайтуға мүмкіндік береді.

Хоспистің негізгі қызмет мақсаты – пациенттерге сапалы, үздіксіз көмек көрсету және олардың отбасы мүшелерін қолдау. Павлодар облысының хосписі ұжымы осы мақсатты жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.