контакт: 8(718)2208854 bpp-pav@mail.ru Пациенттерді қолдау бойынша байланыс орталығы: 87084667905 жұмыс кестесі: 08:00-17:00
адрес: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 49/6
Аккредитация — көрсетілетін медициналық қызметтердің сәйкестігін мойындау.
25-02-2026 15:06
Аккредитация — көрсетілетін медициналық қызметтердің сәйкестігін мойындау.

ШЖҚ«Павлодар облысының хосписі»  КМК сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша аккредиттеуден өтіп, I санаттағы аккредитация куәлігін алды!

Құрметті аурухана қызметкерлері, баршаңызды осы жоғары жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл — біздің ұйымшыл командалық жұмысымыздың, кәсібилігіміздің, жауапкершілігіміздің және өз ісімізге деген адалдығымыздың нәтижесі.

Құрметті пациенттер! Аккредитация — көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми түрде мойындау екенін еске саламыз.

Медициналық ұйымның аккредитация сертификатына ие болуы — көрсетілетін қызметтердің сапасы, қауіпсіздігі мен жайлылығының жоғары деңгейін және мекеменің бәсекеге қабілеттілігін растайды.

Біз медициналық көмектің сапасына жүргізілген кешенді сыртқы бағалаудан сәтті өтіп, пациенттердің денсаулығы мен игілігі үшін қызметімізді одан әрі жетілдіруді жалғастырамыз.