контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодарская область, Железинский район, село Железинка, ул. Квиткова 50.
Первый Президент Республики Казахстан - Назарбаев Нурсултан Абишевич
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев
"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
16-10-2023 17:37
Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21443 болып тіркелді.
 "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 86-бабының 4 және 6-тармақтарына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 185-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 -бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
 1. Мыналар:
 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемі;
 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Медициналық қарсы көрсетілімдер;
 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесі бекітілсін.
 2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.