контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодарская область, Железинский район, село Железинка, ул. Квиткова 50.
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев
АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
20-09-2024 19:28
АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БОЙЫНША  ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

1.Адам папилломасы вирусы дегеніміз не?

 

Адам папилломасы вирусы – бүкіл әлемде өте кең таралған, шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустар тобының жалпы атауы. Вирустың 200-ге жуық типі белгілі, олардың кем дегенде 13-і обырдың дамуына әкеледі.

АПВ негізінен жыныстық қатынас арқылы беріледіжәне АПВ жұқтырудың басымкөпшілігі жыныстық қатынас басталғаннан кейін көп ұзамай пайда болады.

Тез таралуға қабілетті болғандықтан вирус қауіпті, жасушалардың обырға айналуы үшін қоздырғыш болып табылады, соның салдарынан қатерлі ісік дамиды.

Жиі жағдайда инфекция симптомсыз өтеді, сондықтан адамда АПВ-ның бар-жоғын тек арнайы зертханалық талдаудан кейін ғана білуге болады. АПВ инфекцияларының көпшілігінде сыртқы белгілер жоқ.

 

 

2.     АПВ вирусы қалай беріледі?

 

Адамнан адамға АПВ вирусы келесі жолдармен беріледі:

1) байланыс-тұрмыстық тәсілмен.

АПВ қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, ванналарға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек.

 

2) жыныстық жолмен.

Жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік типтері гениталийде орналасқан үшкір ұшты сүйелдерді тудырады.

3) туған кезде тікелей беріледі.

Вирус туған кезде анадан балаға босану жолы арқылы өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.

4) өзіне-өзі жұқтыру арқылы. Жиі жағдайда қырыну немесе эпиляция кезінде АПВ дененің бір аймағынан екіншісіне ауысады.

 

  1. АПВ неге қауіпті?

 

Жоғары онкогендік қауіпті АПВ-ны жұқтыру ол жұқтыратын жасушаларда өзгерістер (обыралды зақымданулар)тудыруы және обырдытудыруы мүмкін.

Обыралдызақымдануларды жатыр мойны жасушаларында табуға болады (біз бұл зақымдануларды CIN деп атаймыз - цервикалдықинтраэпителиалдықнеоплазия), қынапта (VaIN), вульвада (VIN), периануста (PaIN), ануста (AIN) және жыныс мүшесінде.

АПВ сонымен қатар орофарингеальды зақымдануды тудыруы мүмкін (ауыз және тамақ аймағы).

АПВ жиі зақымдайтынанатомиялық аймақ жатыр мойны болғандықтан, осы ағзаның онкологиялық аурулары біздің әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

АПВ-ғақарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обырының дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.

 

 4. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау не үшін қажет?

 

Бүгінгі таңда АПВ-дан ем жоқ, профилактиканың жалғыз әдісі – вакцинациялау.

Жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуы әйелдің АПВ-ны жұқтыруына байланысты екендігі ғылыми дәлелденген.

АПВ-ға қарсы вакцина жатыр мойны обырынан және папилломавирус тудыратын басқа да онкологиялық аурулардан қорғайды.

Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 600-ден астам әйел қайтыс болады. Жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездесетін онкопатологиялардың арасында 2-ші орында тұр.

 

5. АПВ-ға қарсы вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі қандай?

Әлемдік деңгейде АПВ-ға қарсы вакцина өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдеді.

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанды қоса алғанда әлемнің 135 елінде қолданылады.

Жасөспірім қыздардың арасында АПВ-ға қарсы вакцинациялау тиімді екендігі дәлелденді. Аустралияда, АҚШ-та вакцинациялаудың арқасында әйелдердің арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді.

АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырын жоюға болады.

        Бүгін қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау туралы шешім қабылдағанда, сіз оларды болашақта онкологиядан сақтайсыз.

 

 

6. АПВ-ға қарсы вакцина ауруды тудыруы мүмкін бе?

 

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаның құрамында тірі вирустар жоқ!

        Вакциналарда вирустың жеке ақуыздары бар, олар организмге еніп, иммунитетті белсендіреді. Өз кезегінде иммундық жүйенің жасушалары адам папилломасы вирусымен күресуге бағытталған антиденелерді өндіреді.

Осыған байланысты вакцина ауру тудыруға қабілетсіз.

 

7. АПВ-дан вакцина әйелдердің репродуктивтік функциясына әсер ету мүмкін бе?

 

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік функциясына әсер етпейді және бедеулікті тудырмайды, бұл әлемнің дамыған елдеріндегі көптеген жылдар бойы жүргізілген клиникалық зерттеулерден дәлелденді.

        Бұл бірде-бір клиникалық дәлелденген фактісі жоқ қоғамда белсенді түрде таратылған жалпы қате түсініктердің бірі. 

 

 

8. Қазақстан РеспубликасындаАПВ-дан вакцинациялау қашан басталады?

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес «Онкологиялық аурулармен күрестің2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар»шеңберінде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялауды енгізу көзделген.

В нашей стране внедрение вакцинации против ВПЧ планируется в октябре   текущего года. Біздің елімізде АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізу ағымдағыжылдың қазан айындажоспарлануда.

 

  1. АПВ-ға қарсы вакцинациялауға кім жатады?

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныңұсынымына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін қажетті топ 9-14 жас аралығындағы қыздар болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинациялау күнтізбесіне сәйкес ДДҰ ұстанымын және Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың ұлттық техникалық консультациялық тобының ұсынымдарын ескере отырып, 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізу жоспарлануда.

 

10. АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін қандай қарсы көрсетілімдер бар?

 

Өндірушінің нұсқауларына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинаны  енгізуге келесі қарсы көрсетілімдер анықталды:

1) әсер етуші заттарға немесе вакцина құрамына кіретін кез келген қосалқы заттарға жоғары сезімталдық;

2) вакцинаны алдыңғы енгізуге анамнезінде анафилактикалық реакция;

3) жіті инфекциялық ауру немесе орташа немесе ауыр дәрежедегі созылмалы аурудың өршуі;

4) дене температурасының 38 °С жоғары көтерілуі;

5) 9 жасқа дейінгі балалар (вакцинаны қолдану 9 жасқа дейінгі балаларда зерделенбеген).

 

11. Вакцинациялаудан кейін қандай салдары болуы мүмкін?

 

АПВ-ға қарсывакциналар қауіпсіз және тиімді. АПВ-ға қарсывакцинациялаудыиммунитеті төмен адамдарға да жасауға болады.

Профилактикалық егулерді жүргізгеннен кейін аз уақыттың ішінде организмнің жеңіл реакциясы болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әлемде АПВ-ға қарсы вакциналардың 270 миллион дозасын қолдану жағымсыз реакциялар тудырмады.

 

12. ҚР-да АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін қандай вакцина қолданылады?

 

Әлемде АПВ-дан вакцинаны фармацевтикалық компаниялардың шектеулі саны шығарады. Қазақстанда вирустың аса онкогенді типтерінен қорғанысы бар АПВ-ға қарсы вакциналардың 4 түрі тіркелген:

– АПВ-16, 18 деген 2 типінен қорғайтын «ГлаксоСмитКляйн» (Бельгия) компаниясы шығарған «Церварикс» 2 валентті вакцинасы;

  • АПВ-16, 18 деген  2 типінен қорғайтын Қытайда шығарылған «Цеколин» 2 валентті вакцинасы;

– АПВ-6, 11, 16, 18 4 типтерінен қорғайтын «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған «Гардасил» 4 валентті вакцинасы;

- АПВ-нің 6, 11, 16, 18, 31, 33, 45, 52, 58 деген 9 типінен қорғайтын «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған «Гардасил 9» 9 валенттік вакцинасы.

Барлық тіркелген вакциналар қауіпсіз және адам папилломасы вирусын жұқтырудан туындаған онкологиялық аурулардан тиімді қорғайды.

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинациялау үшін құрамында АПВ-ның 6, 11, 16, 18 деген типтерінен қорғанысы бар төрт валентті вакцинаны қолдану ұсынылады.

13. Ағымдағы жылы қанша қыз АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жатады?

Ағымдағы жылдың күзінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 11 жастағы 175 мыңға жуық қызды АПВ-ға қарсы вакцинациялауды жоспарлап отыр. 

АПВ-ға қарсы вакцинаны сатып алу вакцинациялаудың осы типі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілгеннен кейін болжанады.

 

  1. АПВ-ға қарсы вакцинациялау қалай жүргізіледі?

 

Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттері, яғни мектеп медициналық кабинеттері арқылы қолжетімді болады. Сондай-ақ, ата-аналардың қалауы бойынша вакцинациялауды тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болады.

 Вакцинациялауды баланың ата-анасының немесе қамқоршысының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакцинациялау қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің тексеріп-қарауынан кейін жүргізіледі.

 АПВ-ға қарсы вакциналар стандартты 0,5 мл көлемде дельтатәрізді иық бұлшықеті ішіне салынады.

 

15. ҚР-да АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың қандай кестесі қолданылады?

ДДҰ ақпаратына сәйкес вакцинациялау кестесі негізінен егілген адамның жасына байланысты анықталады.

ДДҰ ұсынымын, өндірушінің нұсқаулығын, Қазақстан Республикасында халықты иммундау жөніндегі сарапшылардың Ұлттық техникалық консультациялық тобын ескере отырып, 6 ай интервалмен 2 дозадан тұратын қыздарға арналған АПВ-ға қарсы вакцинациялау кестесі ұсынылды.

 АПВ-ға қарсы вакцинациялауды қоса алғанда кез келген вакцинациялау ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін ғана жасалатынын айта кеткен жөн.

 

16. АПВ-ға қарсы вакцинациялау 11 жастағы қыздардан басқа ниет білдірушілердің басқа санаттары үшін қол жетімді бола ма?

ДДҰ ұсынымдарына сәйкес вакцинациялау үшін ұсынылатын топ 9 мен 14 жас аралығындағы қыздар. Бұл жаста вакцинациялау ересек жастағыларды вакцинациялаумен салыстырғанда барынша жоғары тиімді (барынша тұрақты иммунитет қалыптасады).

Осыған байланысты, Қазақстанда АПВ-ға қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялау басталады. Бұл ретте, АПВ-ға қарсы вакцинациялау 6 ай интервалмен екі рет жүргізіледі.

14 жасқа дейінгі қыздардың басқа жас топтарын вакцинациялау республикада вакцина көлемінің қолжетімділігін ескере отырып қаралатын болады.

Әлемдік практикаға сәйкес қыздардың басқа жас топтарын вакцинациялау жеке ел үшін мүмкін және экономикалық тұрғыдан қолжетімді болған жағдайларда жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы вакцинациялауды қоса алғанда кез-келген вакцинациялау егілетін адамның немесе кәмелетке толмағандардың ата-аналарының вакцинациялауға ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін ғана жүргізілетінін атап кету қажет.

 

17. Неліктен бұл вакцинаны Қазақстанда әлі күнге дейін ақылы негізде алу мүмкін емес?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 150 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидаларына сәйкес меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулымен бекітілген жоспарлы егуге жататын халықтың тобына кірмейтін адамдарға вакцинациялау жүргізуге жол беріледі. Осылайша, жеке медициналық орталықтар Ұлттық вакцинациялау күнтізбесінің шеңберінде ала алмайтын адамдарға вакцинациялауды әкелуге және ұсынуға мүмкіндік алады.

Бұл ретте басты шарт – Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің болуы.

Сонымен қатар, вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу талаптары меншік түріне қарамастан барлық медициналық ұйымдар үшін әмбебап болып табылады және сақталуы керек.