контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодарская область, Железинский район, село Железинка, ул. Квиткова 50.
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев
Железин аудандық ауруханасында баланы дамыту және ерте араласу орталығы ашылды
18-09-2025 09:27
Железин аудандық ауруханасында баланы дамыту және ерте араласу орталығы ашылды

Железин аудандық ауруханасында жаңа баланы дамыту және ерте араласу орталығы өз есігін айқара ашты. Бұл – әр отбасы дер кезінде кәсіби қолдау мен мамандардың қамқорлығын ала алатын ерекше орта.
Орталықтың басты міндеті – баланың дамуындағы ықтимал қауіп-қатерлерді уақытында анықтап, ата-аналарға сенім мен қолдауға сүйене отырып, осы жолды бірге еңсеруге көмектесу. Мұнда жүкті әйелдер мен 5 жасқа дейінгі балаларға патронаж қызметі көрсетіледі, сондай-ақ аса маңызды тексерулер жүргізіледі: аудиологиялық және психофизикалық скрининг.
Орталықта келесі кабинеттер жұмыс істейді: дәрігер-педиатр кабинеті, аудиологиялық скрининг кабинеті, баланы дамыту кабинеті, ресурстық кабинет.
Бұл Орталықтың ашылуы – келер ұрпақтың денсаулығына деген қамқорлықтың тағы бір жарқын қадамы. Өйткені ерте араласу – ең қымбат қазынамызды, яғни балалардың денсаулығы мен үйлесімді дамуын сақтаудың басты кепілі.

 

В Железинской районной больнице распахнул двери новый Центр развития и раннего вмешательства - уникальное пространство, где каждая семья сможет получить своевременную поддержку и заботу специалистов.
Главная миссия Центра - вовремя заметить возможные риски в развитии ребенка и помочь родителям пройти этот путь с уверенностью и надежной опорой. Здесь будут проводиться патронаж беременных женщин и малышей до 5 лет, а также важнейшие процедуры: аудиологический и психофизический скрининг.
В центре функционируют кабинеты: врача-педиатра, кабинет аудиологического скрининга, кабинет развития ребёнка, ресурсный кабинет .
Создание Центра - это ещё один шаг в сторону заботы о здоровье будущего поколения. Ведь именно раннее вмешательство помогает сохранить самое ценное - здоровье и гармоничное развитие детей.