контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодарская область, Железинский район, село Железинка, ул. Квиткова 50.
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Кемелевич Токаев
Антибиотиктер — сиқырлы дәрі емес!
19-11-2025 13:28
Жыл сайын бактериялардың антибиотиктерге төзімділігі бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығына төнетін елеулі қатерге айналуда. Бұл — антибиотиктерге төзімділік деп аталады және ол антибиотиктер дұрыс пайдаланылмаған кезде немесе тым жиі қолданылғанда пайда болады.
 
Бұл нені білдіреді?
Бактериялар дәріге «үйреніп» алады да, оған жауап бермей қояды. Қарапайым инфекциялар қауіпті болып, емделу ұзақ әрі күрделі процеске айналады.
 
Біз не істей аламыз:
Дәрігер тағайындамаған жағдайда антибиотик қабылдамау.
«Алдын алу үшін» антибиотик ішпеу.
Вирустық аурулар кезінде (ЖРВИ, тұмау) антибиотик талап етпеу.
Жағдай жақсарған сәтте емдеуді тоқтатпай, дәрігер жазып берген толық курсты аяқтау.
Сізге жазылған антибиотикті басқа адамдарға бермеу.
 
Антибиотиктерді ақылмен қолданыңыз — олардың әсерін сақтап қалыңыз!