контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
«Денсаулық фестивалі» (4-қыркүйек)
02-09-2021 09:15
«Денсаулық фестивалі» (4-қыркүйек)

Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығымен 2021 жылғы 4-қыркүйекте республика өңірлерінде «Денсаулық фестивалі» өткізіледі.

2021 жылғы фестивальдің идеологиясы - «Сау бол - жүз жаса!» ұраны болуы қажет. Осының негізінде белсенді өмір салтын жүргізуге қоғамның назарын аудару, дұрыс тамақтануға және дене белсенділігімен тұрақты айналысуға бейімділікті қалыптастыру, физикалық инерттілік және зиянды әдеттердің салдары туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыру, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ақпараттық алаң құру, денсаулықты сақтау және нығайту пайдасына қоғамның оң пікірін қалыптастыру маңыздылығы жатыр.