2013 жылдың 20 қыркүйегінде ШЖҚ «Павлодар қаласының ЖМЖА» КМК-да Қазақстан Республикасының халықтар тілдері күніне арналған фестиваль болып өтті. Фестиваль сценарийін аурухананың тіл маманы Г.К. Жұмақбаева құрастырды. Фестивальда Қазақстанның 3 халқы таныстырылды: Белорустер (олардың өкілі оңалту бөлімшесі – бөлімше меңгерушісі А.Т. Ерғазинова), украиндықтар (олардың өкілі неврологиялық бөлімшесі – бөлім меңгерушісі Б.Б. Ерубаева), казақтар (олардың өкілі терапия бөлімшесі – бөлім меңгерушісі Н.К. Смагулова, сайыста өзі жекелей қатысты). Фестиваль сайысының бағдарламасы 4 бөлімге бөлінді: Алғашқы 1 кезеңде ең үздік концерттік нөмірдегі сәлемдесу, мұнда сайыскерлер таныстырылатын халықтың ән мен биін ұлттық киіммен үйлестіріп, назарға ұсынды. Екінші кезеңде Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпымен таныстырды. Үшінші кезеңде, үлттық киімді таныстыру сайысы өткізілді. Төртінші кезеңде сайыскерлер қазақтардың, беларустердің, украиндықтардың ұлттық асынан дәм татқызды. Фестивальдің әділ қазы мүшесіне: бас дәрігер М.Н. Ахметов, эпидемиолог Н.И. Бабина, бас дәрігердің орынбасары К.К. Нысанбеков, кәсіподақ төрағасы А.Н. Тұрсынова, бас мейірбике М.К. Байкетаева, фестиваль қонағы: «Ана тілі» тіл орталығының қазақ тілі оқытушысы К.Т. Бектұрова. Фестиваль жоғары деңгейде өтті, барлық сайыскерлер тамаша дайындықтарын көрсетті. Белсенді қатысқандары үшін фестиваль сайыскерлері бағалы сыйлықтармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. 1-ші орынды әділ қазы алқасы терапия бөлімшесіне ұсынды. 2-ші орынды қазылардың шешімімен неврология бөлімшесі жеңіп алды. 3-ші орынды оңалту бөлімшесіне табыс етті. Кәсіподақ ШЖҚ «Павлодар қаласының ЖМЖА» КМК осы шараны өткізуге белсенді араласып, музыкалық және суретпен қоса, бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйлықақы марапатын қамтамасыз етті.