№3 Павлодар қалалық ауруханасында ДОНОР күні
17 наурызда №3 Павлодар қалалық ауруханасында Донор күні өтті. Қан және оның компонентері жалғыз және орны алмастырылмайтын зат болып келеді, хал үстіндегі науқастардың өмірін құтқарады.
Донор күнінде ауруханада үлкен дайындық жұмысы жүргізілді: донор күніне дейін медицина ұйымының қызметкерлеріне бұл күн туралы айтылып, олармен осы акцияға қатысу туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қабылдау бөлімшесінде үш кабинет жұмыс істеді: оның біреуінде терапевт қабылдау жүргізді, потенциалды донорларды қарады, тіркеу орны жұмыс істеді. Екінші кабинетте зертхана орналыстырылды, ал үшінші кабинетте – қан алу жүргізілді.
Қайырымды миссияны орындауға –дәрігерлер, аурухананың орта және кіші медицина қызметкерлері қан тапсыруға қатысты. Осы Донор күніне хирургиялық, гинекологиялық, эндокринологиялық бөлімшелері, инсульт орталығы және инсульт науқастарды оңалту бөлімшелері белсенді қатысты. №3 қалалық ауруханадан 20 қызметкері қан тапсырды. Олардың барлығына бір күн қызметінен босатылатыны туралы анықтама берілді. Одан басқа, потенциалды донорлардың тегін қан тобы мен резустары анықталды, қан вирус жұқпасына: мерез, биохимиялық талдаулар, В,С гепатиттеріне және АИТВ-ға зерттелді.
Осы акцияны жүргізуіне жауапты №3 қалалық аурухананың бас мейірбикесі М.Қ. Байкетаева, донор күнінде тағы бір миссияны атқарған медицина қызметкерлері – ең қайырымды маманның өкілдері деп есептейді. Олар біздің науқастарға қажетті болып саналатын қан тапсырды.
Р. Апаева.