контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУДА
31-03-2014 03:55
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУДА

 

20 наурызда №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында Наурыз мейрамы  тойланды. Әсем безендірілген сахна көркімен, домбыраның әуенімен қалықтаған тамаша отырыс, той қызығын қыздырған ұлттық киімдегі қызметкерлердің құттықтауларымен алмасуда. Міне, күн мен түннің теңелу мерекесі басталуда.

 

Ескі жылымыз есіркеп, жаңа жылымыз жарылқап келетін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамында, көктемнің алғашқы гүлі «Нәурізек» шығып, көктемнің жұқа қары «Наурызша» жауып, Самарқандттың көк тас мұзы еріп, төліміз төлдеп, Қыдыр атамыздың батасымен жеріміз көгере бастайды...

 Наурызда шығыс халықтары арқаларын кеңге салып, өкпе-наздарын тарқатып, ашу-ызаның түймесін шешіп, мейірімділікке, кешірімділікке, бауырмалдылыққа жол ашады. Жүректеріне жылу, ақылдарына нұр, қайраттарына ыстық тілейді. Бірнеше жыл бұрын ЮНЕСКО-ның шешімімен Наурыз репрезентативті тізімге қосылып, тамырымен ежелгі Парсыдан бастау алған бұл мейрамның жылдан жылға өрісі кеңіп, әсіресе біздің мемлекетімізде құлашын кең жаюда. 

Тойдың шымылдығы «Алтын дән» би тобының «Толқын-ай» биімен ашылды.  Аурухананың бас дәрігері М.Н. Ахметов медицина қызметкерлерін шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылмен құттықтап, қызметкерлерге зор денсаулық, отбасыларына құт, береке тіледі.

Бұл той өзге тойдан өзгерек! Себебі мұнда жастармен жарапазан да айтылды, Қыдыр атамыз ақ батасын тілеп, ақ жаулықты апамыз шашу шашып, мерекелік дастарханға қазақтың басты тағамы «Бесбармақ» әкелініп, «Келіндерге өсиет» атты әуезді әнмен тойдың ең негізгі бөлімі келіндер сайысы өткізілді. №3 Павлодар қалалық ауруханасының ең сұлу, ең өнерлі, ең тәрбиелі, ең пысық, ең қонақжай келіндері: Риза, Айман, Ғалия, Райхангүл бұл сайыстың көркін келтірді. Бұл сайыстың талабы бойынша келіндер өзін өзі таныстырып, салт-дәстүрден үзінді келтіре отырып, қол өнерлерін көрсетіп, жұлдызды сәттерімен тойды тойға ұластырды. Биіктен көрінген келіндер аса үлкен дайындықпен келгендерін байқатты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Ғалия келін сайыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Бірінші орынды Айман келін, екінші орынды Райхангүл, үшінші орынды Риза келін иеленді. Көптің тілеуі бойынша «Көрермендер көзайымы» аталымын Ғалия келін қанжығасына тікті. Бұл тойда  би де, ән де, жақсы көңіл күй де болды.  

 

 

                                                                                         Роза Апаева