контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
АИТВ-ны алдын алу бойынша эпидемиологтың ақпараты
02-04-2014 08:59
АИТВ-ны  алдын алу бойынша эпидемиологтың ақпараты

 

Наурыздың 27-сі Павлодар ЖИТС орталығының облыстық семинарында эпидемиолог дәрігер Н.И. Бабина «№3 қалалық ауруханасында  АИТВ/ЖИТС бойынша алдын алу жағдайы туралы»  сөз сөйледі.

Өзінің сөзінде госпитальды эпидемиолог Н.И. Бабина ұйымдастырушыларды,  №3 қалалық ауруханасындағы өткізілген жоспарлы тексеріс қорытындысы туралы ақпарат берді.  №3 ПҚА ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысы дұрыс қойылған: АИТВ/ЖИТС бойынша іс шаралар жоспары бекітілген, бөлімшелерде құжаттар жүргізіледі, аурухана қызметкерлеріне арналған  оқу кестесі бар, нұсқаулық бойынша журналдар толтырылады. Ауруханада сәуір айында  АИТВ-ны алдын алу  бойынша тақырыптық сабақтар жоспарланған.

Тексеріс нәтижесі бойынша ауруханада емделушілердің және медицина қызметкерлер арасында 2014 жылғы 2 айы үшін  АИТВ-ға скрининг талдауы жасалды. Жан сақтау бөлімшесінің қан кабинетінде температуралық режим сақталады. Емшара кабинеттерінде тексеріс күні гельді үлестіруші  мен вакуэт жүйесі  АИТВ, ВГС және ВГВ-ға қан талдаулары 100% жағдайда өткізілді.

Медицина қызметкерлері жеке қорғау заттарымен қамтамасыздандырылған. Хирургия, гинекология, терапия бөлімшелерінде және инсульт орталығында  реципиенттердің таңдамалы сырқатнамалары тексерілді. Барлығы қан құю алдында тексерістен өткен, ол туралы белгілер бар, тексеріс  кезінде негізсіз тексерістер айқындалған жоқ. Қабылдау бөлімшесінде жұмыс орнында апаттық жағдайлар кезінде антиретровирусты алдын алу үшін препараттар жинақталымы бар.

Семинарда, емделушілердің  психоәлеуметтік кеңесіне (ПӘК), ПӘК жұмысының есептік нысанын толтыруға, тест алдындағы және тестен кейінгі кеңестер журналына ерекше көңіл бөлінген. ЖИТС орталығының мамандары облыстың эпидемиолог-дәрігерлердің қойылған сұрақтарына жауап берді.

 

                                                                                                    Роза Апаева.