контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Мейірбикелер оқуда
05-05-2014 04:25
Мейірбикелер оқуда

 

 

Сәуірдің 30-шы жұлдызында  №3 қалалық аурухананың мәжіліс залында «Шұғыл жағдай кезіндегі мейірбикенің іс-әрекет алгоритмы» атты тақырыпта конференция өтті.

 

Бұл конференцияны дайындаған  қабылдау бөлімшесі қызметкерлері болды. Бөлімше меңгерушісі М. Амренованың басшылығымен аға мейірбике                    Н. Дудинова конференция материалдарын қолжетімді және түсінікті үлгіде әзірлеп, таныстыру рәсімін слайд түрінде жүргізді.

Бұл күні аурухананың әртүрлі бөлімшелерінің 96 мейірбикелері эклампсия, қан кету, анафилаксиялық шок, ми қан айналымының жіті бұзылуы мен жүректік-өкпе жансақтау жүргізу кезіндегі іс-әрекет алгоритмі бойынша сабақ алды. Бастапқыда қатысушылар сынақтама толтырды, мұнда ОКС клиникалық белгілеріне, диагностикалық инсультке арналған сынақтама, жүрек соғысының тоқтау белгілеріне және анафилаксиялық шок кезінде көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмекке қатысты білімді тексеретін сұрақтар еңгізілді.

Конференцияда көтерілген екі мәселе тәжірибелік сабақ түрінде өтті. Жүректік-өкпе  жансақтау алгоритмі мейірбикелер Н. Дудиновамен ,  Ж.Қалиева және И. Булгаковамен көрсетілді. Мейірбике жүрек тоқтауының симптомдарын анықтайды: артерияда тамыр соғуы, естің болмауы, жарыққа серпіліссіз   көз қарашағының  үлкендеуі, тынысы болмаса. Мейірбикенің әр қадамы, яғни емделушіге алғашқы көмекті көрсетуі, көрнекілі көрсетілді. Зейін,  жаңа стандарт бойынша прекардиальды соғыс жасалмайтынына бөлінді.

Конференция пост-тесттерді  толтыруымен аяқталды. Бұл конференция өз нәтижелерін берді: белгілі  материалды қайталау жұмыста сенімділікті береді.

 

 

К. Апаев