контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Дәрігерлерге алғысымызды білдіреміз
22-05-2014 10:32
Дәрігерлерге алғысымызды білдіреміз

 

Айтадығой, қазіргі сырқаттар жыл сайын  «жасарып» келеді деп. Шындығымен  ол солай екен, біздің келініміз инсультпен  ауырғанда, біз көзімізді оған жеткізіп куәгер болдық.  

Жедел жәрдеммен ол №3 Павлодар қалалық ауруханаға түсті. Мен, әрине барлық таныс дәрігерлерге қоңырау шалдым. Оларға рахмет, себебі олар отбасымызға  қолдарынан келгенше көмек көрсетіп, аяққа қояды деп  үміт берді. Біздің басымыздан қандай қиыншылық өткенін еске түсіру қиын. Жалғыз  бізге көмек болғаны ол жақсылыққа сену. Біз өзіміз көрдік, қалай медицина қызметкерлері жұмыс істеп, адамды жаңа өмірге қайтарады.

Пациенттер өте нашар жағдайда, әлсіз, өте нашар қозғалатындар, көбін қасықтан тамақтандырып және арба арқылы  оларды тасымалдайды. Осынын барлығын кіші буындағы медицина қызметкерлері жасайды. Осындай пациенттердің сауығып кетуі соларға байланысты. Оны инсульт орталығының және оңалту бөлімшесінің  меңгерушілері теледидардан  айтып қолдады, инсультті науқастардың емі  70 % орта медицина қызметкерлеріне байланысты. Әрине, дәрігер тағайындауларын жасап және пациентті емдегеннен кейін, кеңес беріп жетектейді. Біз қазірде кез келген сұрақпен осы бөлімшелердің дәрігерлеріне жүгінеміз, әрдайым бізге кеңестерін беріп, одан әрі қандай әрекет  жасауын айтады.

Мен ешкімді бөліп өкпелеткім  келмейді. Мен, өз алғысымды эфирде де айтып кеттім  және тағыда қайталап  өз алғысымды білдіргім  келеді: Сіздердің  оңай емес қызметтеріңізде зор денсаулық пен табыс тілеймін. №3 Павлодар қалалық ауруханасының ұжымын келе жатқан  Медицина қызметкерлер күнімен құттықтаймын. Тілейтінім ашық аспан, бақыт және осы өмірдегі барлық жақсылықтарды.

 

 

 

Рахимовтар отбасы