Мамырдың 31 «Усолка» шаңғы базасында медицина қызметкерлер арасында Үшінші облыстық спартакиада өтті.
№3 Павлодар қалалық аурухананы 12 қатысушы ұсынды. Біздің команда жақсы спорттық киімде шығып және өзінің ұраны мен эмблемасы болды. Спартакиаданың ашылу рәсімінде сайыстың түрлері хабарланды: ер адамдар арасында жүгіру, әйелдер арасында жүгіру, футбол, волейбол, арқанды тарту, гір спорты, еркек және әйелдер армреслингі.
№3 ПҚА командасы гір жарысына, ер және әйелдер армреслингісіне, арқанды тартуға және 1000 метр мен 500 метр жүгірісіне қатысты. Спартакиада қатысушылары екі жарым сағаттан аса әр түрлі спорт түрлерінің жарысына қатысты. Жалпы сапқа тұруда 13 сағатта женімпаздар белгілі болды. Бірінші жеңісті сөзсіз гір спортына қатысқан хирург дәрігер Александр Федотов әкелді, ол осы спорт түрінде бірінші орынға ие болды. Үшінші жүлделі орынға ер адамдар арасында инсульт орталығынан Василий Петров ие болды. Бірінші рет спартакиадада жаңа спорттың түрі енді, ол әйелдер арасында армреслинг, онда хирургия бөлімшесінен Шолпан Уразбекова төртінші орынға ие болды.
Жылсайын спартакиадаға қатысып №3 Павлодар қалалық аурухананың командасы өз нәтижелерін жақсартуда, олар жеңіске жетуде. Осы күні жұрттың бәрін жарыс биледі, бір сәтте медицина қызметкерлерінің командасы аурухананың бас дәрігері М.Н. Ахметовпен бірге спорттық командаға айналды, оларға басқада қызығушылықтар пайдалы екенін дәлелдеді. Барлығына рахмет, кім осы күні №3 ПҚА жеңіс әкелді!