24 қыркүйекте №3 Павлодар қалалық аууруханасында «Сәулелі диагностиканың принциптары және әдістері. Сәулелі қорғаныс» атты конференция өтті.
Өміріне қауіп түскенде, жазатайым жағдайларда және жіті ауыр сырқат кезінде аурухана тұрғындарға тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсету жағдайы, көбінесе дұрыс қойылған диагнозға, медицина қызметкерлерінің білімі мен дайындығына байланысты болып келеді.
Рентгендиагностика және емшара жүргізген кезде , өндірістік қатер бар екендігі мәлім. Рентгендиагностика, магниттік-резонанстық және компьютерлі томографиялық зерттеу жүргізген кезде жұмыс орнында өзіңізді қалай сақтандыруға болады – бұл тақырыпты диагностика бөлімшесінің мейірбикесі О.Н. Бородий ашып, талқылады. Конференция дайындығына қызметкерлер жауапкершілікпен қарап, материалдардың таңдалуында ауруханадағы рентгендиагностика бөлімшесінің меңгерушісі Р.Т. Турлинаның жетекшілігі байқалды. Кең таралған слайдтік тұсаукесер бөлімшенің аға мейірбикесі У.К. Ахметовамен дайындалды. Ультрадыбыстық диагностиканың және оның сақтану әдістерінің ерекшелігі туралы мейірбике А.У. Бекахметова айтып берді. Бір сөзбен айтқанда, осы әңгімеге сәйкес ақпараттық себеп бұл күні толығымен қолданылды деуге болады.
Конференция серпінді, ширақ өтті. №3 қалалық аурухананың 87 мейірбикесі сәулелік қорғаныс саласында өз білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ, оқыту іс-шарасының қатысушылары мейірбике А.С. Сатубаевадан қолды өндеу бойынша әдістемелік ұсыныстар алды.
К.Апаев