контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 қалалық ауруханадағы эндометриоз бойынша жүргізілген дәріс
16-10-2014 22:36
№3 қалалық ауруханадағы  эндометриоз бойынша жүргізілген дәріс

№3 Павлодар қалалық ауруханасында «Эндометриоз» тақырыбындағы дәрісімен дәрігерлер алдында гинеколог, СӨС үйлестірушісі А.Д. Бояринцева сөз сөйледі. Эндометриоз – ол жатырдың сілеймелі қабықшасының ұлғаюы (эндометрия) немесе оның жеке тінінің мүшелерге және ұлпаларға тиюі, қалыпты жағдайда олар бұл жерде болмауы қажет.

 

Бұл ауруға бала туатын жастағы әйелдер шалдығады, көбінесе әйел адам басқа адамдарға қарағанда күйзеліске бейім. Дәрістегі бай материалдар слайд түрінде ұсынылып, суреттер қоса көрсетілді. Мәлім болғандай, эндометриозге тән сырқат туралы алғашқы ескертулер және оның емі туралы сипаттама Эберт мысыр папирусінде жазылды. Эндометриоздың пайда болу себебін түсіндіретін көптеген теориялар бар, бірақ барлығы да оның даму механизмін толықтай ашып бере алмайды.

Қазіргі уақытта эндометриоздың пайда болу себебі мына жағдайлармен түсіндіріледі, мысалы, гендік бейімділік және аурудың гормоналды даму теориясы. Бірінші реттен-ақ, эндометриозбен кіші жамбас мүшелері: аналық жыныс безі, фаллопиевті түтіктер, тураішекті-жатырлы байламдары, қуық қалбыршағы зақымданады. Эндометриоз жеке мүшелерден де табылады, мысалы, өкпеде немесе мұрынның сілеймелі қабықшасында. Эндометриоздың пайда болу себептері соңына дейін табылмаса да, күйзелістер, дұрыс тамақтанбау, жалпы соматикалық аурулар, ішкі секреция безі функциясының бұзылуы, жыныс мүшеренінің жұқпасы, шылым шегу бұл аурудың дамуында басты рөл атқарады.

Аурухананың медицина қызметкерлері әріптес - жас маман А.Д. Бояринцеваға мазмұнды айтылған баяндама үшін алғыс білдірді

 

К. Апаев