№3 Павлодар қалалық ауруханасында ЖРВЖ, тұмаудан және пневмококкты жұқпадан алдын алу бойынша шаралар қолданылып жатыр. Емдеу мекемесінде емшара жоспары әзірленді, оның орындалуына госпиталды эпидемиолог және бөлімше меңгерушілері жауапты.
Аурухананың барлық бөлімшелерінде дәрігерлер әдістемелік материалдарды тарата отырып, медицина қызметкерлері үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізді. Эпидемиялық кезенде осында тұмауға қарсы вакцинация басталып кетті және бүгінгі таңда №3 ПҚА басшылығымен қоса, 70% қызметкерлер екпе қабылдады. Тұмау мен ЖРВЖ бақылауын жүзеге асыратын госпиталды эпидемиолог Н.И. Бабина, вакцинация сырқат деңгейін төмендетеді деп есептейді.
Тұмаудың өршуі күз-қыс мерзіміне түседі. Тұмау – тыңыс алу жүйесінің жіті вирустық сырқаты, ол ауа-тамшы жолымен жұғады. Жұқпаны таратушы сырқат адам болып табылады, бірақ кейбір жағдайларда вирусты таратушы ауру құстар мен шошқалар болуы мүмкін. Мынаны білу маңызды, тұмаудың инкубация кезі өте қысқа – бірнеше сағаттан 2-3 тәулікке дейін. Тұмаудың белгілері: тамақтың ауырып-ісуі, түшкіру, дене қызуының көтерілуі, дерттілік, бұлшықеттің және бастың қатты солқылдап ауруы, жөтел.
Әрбір адам өз денсаулығы үшін жауапты. Кей кезде сырқат адамның қасында отырып, бір ғана аялдаманы жүріп өту, өзіңіздің ауырып қалуыңызға, сонымен қатар үйдегі отбасыңызға да жұқтыруға жеткілікті. Кейбір аурулар туралы айту керек: сақтанғанды сақтайды, ауруды емдегенше, оны алдын алу қажет. Тұмау – тап осы жағдай. Осы күндері қаланың барлық емханалары тіркелген тұрғындарды тұмауға қарсы вакцинацияға шақырады. Денсаулыққа деген құқығыңызды пайдаланыңыз – екпе қабылдаңыз!
К.Апаев.