контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Тазалық пен тәртіпке қосқан үлес
20-10-2014 18:46

Өткен сенбіде №3 Павлодар қалалық ауруханасының 150 жұмыскерлері өз аймағын абаттандыру мен санитарлық тазалық жүргізу бойынша сенбілікке қатысты. Аурухана қызметкерлері «Нұр Отан» ХДП Павлодардағы филиалының қаланы абаттандыруға өз үлесін қосу үшін үн қосты.

 

Аурухананың әкімшілік-шаруашылық бөлімі жұмыс майданын алдын ала жоспарлап, тазалыққа жататын телім шекарасын белгіледі. Шаруашылық бөлімі қызметі сенбілікке қатысатын барлық қызметкерлер үшін жұмыс құралдарын дайындады. Еңбек мерекесін бұл күні медицина орталығының барлық бөлімшелері қолдады.

№3 қалалық аурухана үлкен аумақты алып жатыр – 3000 шаршы метр, осы жерде көптеген әртүрлі көшеттер бар. Жердегі күзгі жапырақтар, ескі ағаш бұтақтары, арамшөптер, қураған шөптер – осының барлығы дайындалған ыдыстарға жиналды. Сенбілікте №3 ПҚА ұжымымен барлығы 18 тонна қоқыс жиналды және екі жүк көлігімен қоқыс тасталатын жерге шығарылды. Медицина қызметкерлері аймақта тазалық пен тәртіп орнатты, сонымен Ертіс өзенінде тұрған көркем қаланың бейнесін қалыптастыруда өз үлестерін қосты.

К. Апаев