Павлодар қ. №3 қалалық ауруханасы ЖИТСпен күресу күніне орайластырылған Республикалық айлықты өткізуге барлық жауапкершілікпен дайындалуда. 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін өтетін, осы жылдағы шара ерекшелігі олардың соңғы нәтижесіндегі бағдары болып табылады.
«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтаудың Мемлекеттік бағдарламасы басты бағыты бола отырып, АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселесі медицина қызметкерлер алдына бірнеше нақты міндеттер қояды. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері қауіпсіз тәртіпте білім мен дағдыға ие болуға міндетті. Дәрігерлер мен мейірбикелерді келесі аттестациялаумен АИТВ-жұқпасының әртүрлі аспектілеріне оқыту осыған себеп болу керек.
Госпитальды эпидемиолог Н.И. Бабина клиникадағы АИТВ жұғуының мүмкін болатын өндірістік қатер сұрақтарын өз бақылауында ұстауда. Үш жүзден аса адам еңбек ететін ауруханада, медицина қызметкерлерін АИТВ сұрақтарына білімдерін тексеруге шаралар мен тестілеу кестесі әзірленген. Айлық шеңберінде оқыту семинарлары, мейірбикелік конференциялары, дәріс оқу, мақала жазу жоспарланған. Облыстағы АИТВ бойынша жұқпа жағдайы қуантарлық жағдайда емес екендігін ескере отырып, жаңа бастаған, жас мамандарға ерекше көңіл бөлінеді деп шешілді. Ақпарат көзінде кемшілік жоқ болғандықтан, оларға мәселені өздігінен зерделеу ұсынылды.
К. Апаев
Р. Апаева