контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Сіз маған екінші өмір сыйладыңыз
10-12-2014 22:38
Сіз маған екінші өмір сыйладыңыз

Сәлеметсіз бе! 4 қарашада мен қатты сырқаттанып қалдым. Белгілері – жүрегім айнып, құстым. Күн өткен сайын халім нашарлай түсті. 8 қарашада жедел жәрдемді бірінші рет шақырдық. Алдымен мені жұқпа ауруханасына жеткізді, ол жерде көзбен шолып байқап, тексеріс жүргізді, содан соң жұқпа (талдама алмады) жоқ екендігін хабарлады. Жедел жәрдем мені облыстық ауруханаға апарды (ол кезекші аурухана болды). Хирург мені тексеріп, қатты ауырсыну болмағандықтан маған құсуды тыйатын дәрі егіп, үйге жіберді (тағы да талдама алынбады). Сырқат күшейе түсті. Ендігі 10 күні қайталап жедел жәрдем шақыруға тура келді. Тексергеннен соң, олар құсуды тыйатын дәрі егіп, қатты ауырсыну болмағандықтан қабылдамайды деген себеппен мені ауруханаға апарудан бас тартты. Сырқаттанып жүрген кезде мен құрсақ қуысының УДЗ мен ФГДС өттім. Қойылған диагноздары: жіті панкреатит және гастрит. Ауруханалардың табалдырығын тоздырып жүргенде, мені анам жетектеп жүрді, менде тіпті аяқ қозғалтуға еш шама болмады. 12 қарашада өзім тіркелген емханадан жедел терапевті қайта шақыртуға мәжбүр болдым. Бір сағаттан аса жедел жәрдемді күттік. 1 қалалық аурухана кезекшілікте болды. Маған тағы да хирургтер келді. Тексеріп шығып, несеп пен қан талдамасын алды. ФГДС қорытындысын қарады (диагнозы гастрит), дәрі тамызғышты қойды, содан кейін кетеміз деді. Анам, тіпті болмаса терапия бөлімшесіне жатқызуды өтініп сұрады, бірақ дәрігер: гастрит екінін бірінде дегенді айтып, айтқанынан қайтпады. Талдамаға көздерін де салмай, оны өздерімен ала кетті. 10 күн ішінде мен 10 кг салмақ түсірдім. Менде ағзаның азып-тозуы болды, ағзам ас қабылдамады. Әрбір жарты сағатта құстым.

13 қарашада, №3 қалалық ауруханасы кезекшілікте болған кезде, бар үмітімнен айырылып, біз сол жерге аттандық. Қабылдау бөлімшесінде, менің талдамаларымды тексеріп, хирургты шақыртты. Меннен алынған талдама бойынша, келесі диагноздарды қоюға болатын еді: гепатит (бауыр сынамасы шамадан тыс болды), жіті панкреатит (диастаза шамадан тыс болды), және тіптен жасырын аппендицит. Дәрігер өте тез уақытта жетіп, келесіні айтты: емге жатқызу керек. Қан, несеп талдамасын алып, құрсақ қуысының УДЗ жасады, бұдан дәрігер кіші жамбаста өзгеріс бар екендігін байқап қалды. Гинекологты шақыртты. Кіші жамбастың УДЗ жасады (дәрігер О.В. Никитченко), дәл осы адам жүрек айнып, құсатын өте сирек кездесетін сырқатты анықтап берді. Нәтижесінде мен гинекология бөлімшесіне түстім, бөлімше меңгерушісі Л.И. Новокрещенова. Бұл жерде мені өлім аузынан сақтап қалды деуге болады. Осы сырқатты тауып, анықтап, ақыры дұрыс диагноз қойғаны үшін, шын жүректен зор алғысымды дәрігер О.В. Никитченкоға білдіргім келеді. Өзі басқаратын бөлімшенің жұмыс деңгейін өте жоғарыда ұстап тұрған Лилия Ивановнаға зор құрмет. Барлық қызметкерлер жоғарымамандандырылған өз ісінің білгірлері. Менің өміріме араша болып, ғұмырлы болуыма септігін тигізген барлық дәрігерлерге алғысым шексіз!

 

Екатерина Александровна Краева