контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Чикагода сынақ мерзімін өткізу
16-01-2015 18:20
Чикагода сынақ мерзімін өткізу

«Болашақ» халықаралық бағдарлама бойынша Америка Құрама Штаттарына сынақ мерзімін өткізуге жөнелтілген қазақстандық медицина қызметкерлері тобының құрамында біздің аурухананың Инсульт орталығының меңгерушісі Бақыт Болатбайқызы Ерубаева да болды.

 

          Үш ай бойы дәрігерлер «Қоғамдық денсаулық сақтау» жолдамасы бойынша АҚШ орталығының бірінде – Чикагода білімдерін жетілдірді. Денсаулық сақтау жүйесіндегі инновация бойынша өткен дәрістер, семинарлар, тәжірибелік сабақтар - тәжірибе жүзінде жинаған білімін Б.Б. Ерубаева дәрігер №3 Павлодар қалалық ауруханасының іргесінде қолдана алады. Америкалықтардан көп нәрсеге үйренуге болады: денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуының өз ерекшеліктері бар.

Жақсы дәрігер атану үшін, адамға бір кездері алынған білім жеткіліксіз. Соңғы уақыттарда  көптеген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысқан, біліктілікті арттыру курстарынан өткен  Б.Б. Ерубаева дәрігер осындай қағидаларды ұстануда. Инсульт орталығы аурухананың ең жауапты бөлімшесінің бірі, оның басшылығы сенімді қолда екендігі сөзсіз.

 

К. Апаев