№3 Павлодар қалалық ауруханада жұмыс жасайтын дәрігерлерге алғысым шексіз, олар туралы жыр да жазылады, өлең де шырқалады: «Ақ халатты абзал жандар: Сіздерге басымды иемін» деген мағынада.
Менің диагнозымды еспке ала отырып, әрине, отаға келісім беруге үрейлендім. Бірақ, қабылдау бөлімшесінде гинекологияның бөлімше меңгерушісі Лилия Ивановна Новокрещеновамен әңгімелескеннен кейін, осында маған қол ұшын беретіндері және қиын сәтте менің жанымнан табылатындары анық болды.
Операция енді артта қалды, бүгін ауруханадан шығудамын. Үлкен алғысымды гинекология бөлімшесінің дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне, ерекше зор ілтипатымды Л.И. Новокрещеноваға білдіргім келеді. Емделушілерге мейірімді көзқарас танытып, ауруханаға шуақ шашатын Сіздерге мың алғыс. Шын жүректен Елена Николаевна Забелинаға да рахметім мол. Қанша рет дәл осы дәрігер қал жағдайымды сұрау үшін, ақ жарқын көңілмен палатаға кіретін еді, алтын қолдары ғана емес, жылы сөздері де тәнімізге дауа болып, отадан кейінгі оңалуымызға септігін тигізетін. Отаға қатысқан анестезиолог дәрігерлердің жұмысына дән ризашылығымды білдіремін. Сіздерге Алланың шапағатын, адамның парасатын тілеймін!
Ізгі ниетпен Надежда Варга.