№3 Павлодар қалалық ауруханада «Медициналық этика мен деонтология» тақырыбына мейірбикелік конференция өтті.
Конференцияны эндокринология бөлімшесі ұйымдастырды. Берілген тақырыпқа пре-тесттерді таратуымен басталды. Тест алдынғы сауалнама ықшамды таңдалған. Семинар басталмай тұрып, жауаптарынан білім деңгейін анықтауға болды. Слайдты тұсаукесер үшін ақпараттық материалдар, эндокринология бөлімшесінің аға мейірбикесі Е.А. Дынниковамен дайындалып, таңдалымы берілген тақырыпқа сай болды.
Баяндамашылардың материалдары , пост мейірбикелері Н.В. Юхименко және А.Д. Симамбаевамен дайындалып, материалдары ақпаратқа толық қаныққан болды. Олар өздерімен бірге істейтін қызметкерлерге Гиппократтың мынадай сөздерін еске түсіруді қажет етті: «Өзің медицинаға арнаған тұлғада, оның бойында келесі қасиеттері: риясыздық, кішіпейілдік, тазалық, парасат және байсалдылық болу қажет».
Шынында, қайырымдылықты ешкім жоққа шығармаған. Егерде сен, өзінің тағдырынды медицинамен байланыстырсан, яғни сен осындай қасиеттерге тәңсін.
Осы тақырып шеңберінде этика және дәрігерлік құпияны жария ету туралы сұрақтар бойынша сөз қозғалды. Өзінің еңбек жолын бастап жұмысқа жаңадан келіп түскендерге, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 144 бабы оқылды.
Дресс-код туралы әңгіме қызықты болды. Конференцияда медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне пікірталас қозғалды. Осы сұрақта бөлімшелер мейірбикелері дресс-кодтың бірнеше нұсқасын ұсынды. Мейірбикелерге подиумдағы киім үлгі ретінде, халаттардың және шалбарлы костюмдердің көрінісі ұсынылды.
Осы күні №3 Павлодар қалалық ауруханасының эндокринология бөлімшесімен дайындалған конференцияда медицина қызметкерлері көп пайдалы ақпарат білді.
К. Апаев.