24 ақпанда №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында «Қосылған жерлер сырқатының емдеудегі тың жаңалықтар» тақырыбында дәрігерлік конференция өтті. Дәрісті оқыған №3 ПҚА хирург-дәрігері Д.Б. Аужанов болды.
Қосылған жерлер сырқаты көбінесе құрсақ қуысына тілу жүргізген адамда туындайды. Мұндай қосылған жерлер сырқаты дененің барлық тұстарында пайда болуы мүмкін: ішкі ағза мүшелерінде, сілеймелі қабықшаларда және одан басқа жерлерде.
Қосылған жерлер, бұл ағаш қабығындағы без сияқты, ағзаның қорғаныс реакциясы. Қосылған жерлер ағзаның белгілі бір тұсындағы қабыну барысының таралуын күрмейді. Десе де, қосылған жерлер өте жиі ауырсыну салдарын туғызып, адамда қолайсыздық пайда болады.
Хирург-дәрігері Д.Б. Аужанов осы мәселемен бірнеше жыл айналысып келеді, сондықтан оның слайд түрінде ұсынған материалы барлық дәрігерлерге танымды да қызықты болды. Анағұрлым толық түрде егеуқұйрықтарға жасалатын зерттеулер туралы айтылды.
Қысқасы, егер отадан кейін адамда ота жасалған тұсында қайта-қайта ұстап ауырсыну пайда болса, хирургқа жүгіну қажет. Дұрысырағы, ота жасаған дәрігерге бару керек. Дәрігер қосылған жер барысының ауыртпалық дәрежесін анықтап, емдеу әдісін таңдайды.
Қосылған жерлер сырқатын емдеудің жаңа әдістері туралы дәріс әріптестерімен зор ықыласпен тыңдалды.
К. Апаев