3 наурызда №3 Павлодар қалалық ауруханасында «Пневмонияны емдеудегі заманауи әдістер мен жүкті әйелдердегі емдеу ерекшелігі» тақырыбында жоспарға сәйкес дәрігерлік конференция өтті.
Дәріспен №3 ПҚА қабылдау бөлімшесінің терапевт дәрігері А.Н. Шаханова сөз сөйледі. Дәрігер өз сөзінде екі слайдты таныстыру көрінісін ұсынды. дәрігердің ойынша, көп адамдар тұмаурату кезінде дәрігерге жүгінбей, үй жағдайында сырқатты емдей бастайды. Аса қауіп төндірмейтін белгілер, асқынып кетіп, артынан пневманияға әкеп соғады (өкпенің қабынуы). Өкпе қабынуының басты себебі: вирустар, саңырауқұлақшалар, бактериялар. Сонымен, пневмонияны ағзаға ауа-тамшы жолымен түсетін стафилококтар, пневмококтар, стрептококтар, тұмау вирустары туғызады. Иммунитет әлсіреген кезде, олар жоғарғы тыңыс алу мүшелерін, сілеймелі қабықшаны және өкпе тінін зақымдайды.
Терапевт Арна Нұрланқызы Шаханованың екінші таныстыру көрінісі кез келген мерзімде пайда болатын, жүкті әйелдердегі пневмонияға арналған болды. Өкпе қабынуын жүкті әйелдердегі пневмония белгілерін байқап, сезіктенуге болады (жөтел, дене қызбасының тез артуы).
Жүкті әйелдер қажетті шарттарды сақтай отырып, үй жағдайында емделе алады. Дәрігер жүкті әйелдердегі пневмонияны емдеу ерекшеліктерін толық көлемде сипаттап берді. Жүкті әйелдерге дұрыс тамақтану, тағам мөлшеріне көкөністерді, жемістер мен шырындарды қосу қажет, таза ауада серуендеу маңызды. Болашақ аналарға міндетті түрде жаман әдеттерден тыйылу керек. Шылым шегу, ішімдік, есірткі – пневмонияны туғызатын бірден бір фактірлер. Жаман әдеттер құрсақтағы балаға да кері әсерін тигізеді. Бала өмірге денсаулығында кінәраты бар болып келеді.
Материал дәрігерлер білуге тиісті қажетті пайдалы ақпаратқа мол болды.
К. Апаев