Халықаралық әйелдер күні қарсаныда №3 Павлодар қалалық ауруханасында мерекеге арналған салтанатты шара өтті.
Шараның ұйымдастырушысы –хирургия бөлімшесінің ұжымы мен аурухананың кәсіподақ комитеті.
Әдемі безендірілген мәжіліс залының бірінші қатарында – ақ халатты дәрігерлер, мейірбикелер, кіші буын медицина қызметкерлері отырды. Осы күні ұжымның ер азаматтары дәстүр бойынша өз тараптарынан мереке ұйымдастырды.
Лебізді сөздерімен өз әріптестерін №3 ПҚА бас дәрігері Мәрлен Нариманұлы Ахметов құттықтады. Көбінесе әйел затымен құрылған ұжым осы күні үлкен зор көңіл күймен өз бастамаларында сәттілік пен зор денсаулық пен шығармашылық табыстар сияқты құттықтауларды қабыл алды.
Мерекелік концерт сәтті өтті. Лирикалық бастама, жырлар мен өлендер – барлығы әйелдер қауымы үшін. Салтанаттың көңілге жағымды бөлімі ең үздік медицина қызметкерлерін №3 қалалық аурухананың қабырғасында жақсы қызмет көрсеткені үшін Грамоталармен марапаттау болды. Шара кәсіподақ комитетінің атынан жайылған тәттілер қойылған дастархандағы отырыспен аяқталды.
К. Апаев