Жуырда №3 Павлодар қалалық ауруханада гинекология бөлімшесімен ұйымдастырылған «Шұғыл жағдайларда орта буындағы медицина қызметкерлерінің әрекет алгоритмі» атты тренинг өтті.
Тренингтің шығуы жүкті, босанатын, босанған әйелдерге және ұрпақты болу жасындағы әйелдерге медициналық көмекті жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің № 452 бұйрығы болды. Ұйымдастырушылар семинарды жүргізуге жете дайындалған. Таныстыру рәсімі гинекология бөлімшесінің аға мейірбикесі Г.Қ. Нұрғазиновамен жүкті, босанатын және балалардың шұғыл жағдайларында хабарландыру тізбек кестесі жазылған, мейірбике мен дәрігерден бастап, облыс денсаулық сақтау басқармасының маманына дейін әрекет етеді. Ауруханадағы хабарландыру кезеңдері: бөлімше меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары, аурухананың бас дәрігері, барлық кезендерде телефондар көрсетілген.
О.Кожановамен дайындалған баяндамада преэклампсия, эклампсия және қан кету жағдайдың шұғыл үрей белгілері көрсетілген: естен таңуы және құрысуы, ісіктің пайда болуы, қан қысымының жоғары немесе төмен болуы, іштің қатты ауыруы, босану жолдарының айырылуы. Әйелдерге шұғыл көмек көрсету үшін, дәрі-дәрмек тізбегі бойынша медицина қызметкерлерінің білімі тағы да бекітілді. Қадам бойынша терапия және әрекет алгоритмі жете толық бөлімше мейірбикелері Ә. Уәхитова, С.Райченко және Т.Нүкешовамен көрсетілді. Бірыңғай алгоритмді пайдалану, бүкіл дүниежүзілік тәжірибені қолданып және заманауи медицинаның табысына жету – осындай лейтмотивпен №3 қалалық ауруханада тренинг өтті. Осы тренингтеде ұйымдастырушылар дәстүрден тыс кетпей, қатысушылар мейірбике Н.Дьяковамен қол жуу алгоритымын бекітті.
К. Апаев