Облыста жалғыз эндокринология бөлімшесі бар №3 Павлодар қалалық ауруханада қант диабетінің лабораториялық диагностика бойынша дәрігерлік конференция өтті.
Осы тақырып бойынша №3 Павлодар қалалық ауруханасының зертхана меңгерушісі Г.М. Нұржанова хабарлама жасады. Дәрігер науқасқа қант диабеті ауруына күдіктенсе, аш қарынға пациенттің қан мен несебін зерттейді. Егерде сау адам белгілі мөлшерде қант жесе, онда оның қанында біраз уақыт өткен соң (1-2 сағат) глюкоза құрамы қалыпты деңгейіне оралады. Керсінше көрініс қант диабетімен ауыратын науқастарда байқалады, тіпті оның жасырын формасында да.
Адамдарда қант деңгейі қалыпты және диабетиялық көрсеткіштер шегі арасында болса, онда осы адамдар жиірек қан диабетіне шалдығады. Осыған байланысты, адамдарға міндетті түрде жиі-жиі лабораториялық зерттеулер жүргізу ұсынылады.
Лаборант дәрігер несептегі қантты анықтау әдістемесі туралы айтты. Сондай-ақ, қант диабеті ауруына шалдығытын адамдарға тиянақты лабораториялық зерттеулерден өтуіне тоқталды. Егерде ертеде қант диабеті анықталса қажетті шараларды қолдануға мүмкіндік береді, аурудың ауыр клиникалық формасына ауысуынан сақтайды.
К. Апаев