Кәсіби мереке күні №3 ПҚА ота мейірбикесі Гүлнәр Қабарқызы Шаймардановаға Ұлттық Медициналық Ассоциациясының жоғарғы наградасы - «Мейірім» төс белгісі тағылды.
Әдетте, осы наградты медицина қызметкерлеріне рақымшылық пен мейірім танытқанда, науқастарға кәсіби медициналық көмек көрсеткен кезінде ұсынады. №3 қалалық ауруханасының әріптестері, оны осы мәртебеге лайықты деп ұсынғанда, алдымен оның емделушілерге бәйек болуын, өзіне де, өзгелерге де талапшылдығын, қайырымдылығын, тәртіпшілдігін ерекше атап көрсеткен. Апатты жағдайларда ептілік қасиеттерге ие жан. Жас мамандардың жетекшісі болып табылады.
Қысқа да нұсқа болса да, оның осы қасиеттерді жылдар бойы еңбек тәжірибесінде жинағанын ескерер болсақ, онда ота үстелі үстінде оның алтын қолынан ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған павлодарлықтар жылу мен ем қабылдағаны сөзсіз. Себебі, ол денсаулық сақтау жүйесінде 37 жыл адал жұмыс істесе, оның 28 жылы – осы аурухана қабырғасында еңбек етіп келеді.
Ассоциация атынан келген өкілдердің ота мейірбикесі Г.Қ. Шаймардановаға құрмет көрсету мен наградты ұсыну марапатына аурухананың мәжіліс залында жиналған оның әріптестері куә болды. Дәрігерлер, мейірбикелер, кіші буын медицина қызметкерлері әріптесінің еңбегі бағаланғанын көріп, іштегі қуаныш сезімдерін жасыра алмады. Оның кешкен қиын қыспақ жолы оңай болмаса да, барынша қызық екендігін жасыра алмады. Егер де тағдыр оған қайтадан өмірге келіп, еңбек жолын таңдау мүмкіндігін сыйласа, ол ойланбастан медицина жолын таңдайтынын айтты.
Қ. Апаев