контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Фурнье флегмоны бойынша жүргізілген конференция
31-05-2015 22:06
Фурнье флегмоны бойынша жүргізілген конференция

3 ПҚА Фурнье флегмоны бойынша дәрігерлік конференция өтті. Тақырыпты аурухананың хирургы Р.Р. Нигматуллин ұсынды. 1983 жылы француз дерматовенерологы Жан Альфред Фурнье сырқаттың негізгі белгілерін, сау адамдарда белгісіз бір себептермен кенеттен туындайтын және сыртқы жыныс мүшелерінде гангренаның бірден дамуы болады деп суреттеген.

 

Сырқат тіпті сау адамдарда да пайда болуы мүмкін, бірақ көбінесе ол созылмалы ауруларда, улану жағдайларында, жүрек-тамыр аурулары кезінде, жаңа өскіндер пайда болған кезде, қант диабетімен сырқаттанғанда, коматоздық жағдайларда, жамбас мүшелері жарақаты кезінде туындайды. Хирург кешенді емнің әдісін нақышымен айтып берді, ол әдіс өзіне бактерияға қарсы (метронидазол, цефобид, сульперазон, зивокс, бигафлон) және монобактерияға қарсы дезинтоксикациялық терапияны, гомеостаздың бұзылуына түзетуді, метаболизмді, мүшелер мен жүйелердің қызметін қосады. Маманның ойы бойынша, адекватты хирургиялық емдеу қосындысы қарқынды терапиямен бірге, науқастың емделіп шығуына мүмкіндік береді. Бірақ, әдеби мәліметтер бойынша, кенеттен туындайтын Фурнье сырқатымен ауырған науқастар өлім-жітімі 30-80 пайызды құрайды. Бөлімшедегі өлім-жітім 18 пайызды құрады. Отадан кейінгі асқыну сияқты несеп-жыныстық мүшелерде пайда болған Фурнье флегмонасы кесірінен, 2 науқас қайтыс болды. Аурудың клиникалық ағым ауырпалығы науқастардың ірінді хирургия бейінді бөлімшесіне емдеуге жатқызылу мерзімімен байланысты. Емдеуге кеш жатқызылу жалпылануға және жақын анатомиялық тұстарға ірінді-некроттық процесстің таралып кетуіне, сондай-ақ бұл жағдай өлімге әкеп соғады.

К. Апаев