контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 Қалалық ауруханада балалық шақ мерекесі
08-06-2015 15:43
 №3 Қалалық ауруханада балалық шақ мерекесі

Жаздың бірінші күні, 1 маусым табиғат бізге жылы, шырайлы күн сыйлады, сондықтан екі есе қуанышты болды – себебі ол Халықаралық балаларды қорғау күнімен дәл келді.

Таңертеннен бастап қала көшелерін балалар толтырды: ата-аналардың, әжелердің, және аталардың шығарып салуларымен олар Павлодардың басты алаңына және Ертіс Жағалауына бағытталды. Әкімшілікпен аурухана аумағында ұйымдастырылған салтанатқа №3 ПҚА қызметкерлерінің сексеннен аса балалары шақырылды. Балаларға клоундар неше түрлі ойын-сауық номерлар жүргізіп баларды ойнатты. Балалар ең үздік ән, ең үздік би конкурстарына қатысты. Оқиға кульминациясы асфальтағы балалар суретінің конкурсы болды. Әр түрлі жастағы балалар тақырыппен шектелген жоқ, әр қайсысы бормен өз қалауы бойынша сурет салды. Жюрилер олардың дарындылығын, тамаша сезімін және жеңіске жету ықыласын бағалады. Ешкімді ренжітпеу үшін, жюрилер барлық қатысушыларды белгіледі. Барлық балаларға №3 ПҚА кәсіподақ комитетінен тамаша сыйлықтар таратылды.

Балаларды қорғау күні – ол тек қана балалар үшін көңілді мереке емес, ол қоғамға да балалардың құқығын қорғау қажетті туралы екендігін естен шығармау керек.

К. Апаев