№3 Павлодар қалалық ауруханада 10 маусым күні орта буындағы медицина қызметкерлеріне ауруханаішіндегі инфекция тақырыбына семинар жүргізілді.
Семинар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің №19 «Медициналық ұйымдарында инфекциялық бақылауды жүргізу қағидалары» бұйрығын орындауға бағытталған. Семинарға дейін қатысушыларға медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізуде тест сұрақтары ұсынылды.
Семинардың ұйымдастырушысы №3Павлодар қалалық ауруханасының госпитальды эпидемиологы Г.К. Әбдірахманова презентацияны слайд түрінде көрсетті. Дәрігердің басшылығымен инкубациялық кезеңнің мәселелері, медициналық ұйымдарда АІИ тіркеу және есепке алу сұрақтары толығымен қарастырылды. Эпидемиолог дәрігер, медицина қызметкерлерінің зейінің механизмге, аурухана ішіндегі жұғу жол көздеріне, АІИ пайда болу факторларына ерекше көңіл бөлді.
Семинардың қатысушылары тағы да госпитальды штаммдардың негізгі мінездемелерін қайталады. Семинардың бірінші бөлімі АІИ сырқаттарын төмендетуіне бағытталған эпидемияға қарсы іс шаралардың талдауымен аяқталды.
Қол жуу алгоритімін интерактивтік көрсету тәртібінде №3 ПҚА жұқпаны бақылау мейірбикесі З.М. Әбікеева жетекшілік етті. Дәстүрге айналған пост-тестілеу 70 мейірбике семинардың қатысушылары, берілген тақырып бойынша өз білімдерін тереңдете көрсетті.
К. Апаев