Өткен сенбі күні №3 Павлодар қалалық ауруханасының қызметкерлері салауатты өмір салтына деген құмарлықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар «Денсаулық фестивалі – 2015» кең ауқымды акцияға қатысты.
Орталық жағалауға өту үшін, №3 ПҚА дәрігерлеріне, мейірбикелеріне, кіші буын медицина қызметкерлеріне бұл күні ақ халаттарын спорттық киімге ауыстыруға тура келді. Жылы ауа-райы да «Денсаулық» атты медицина қалашығының белсенді жұмысына мүмкіндік туғызды. Еркін жағдайда қалалықтар дәрігерлерге жүгініп, қажетті ақыл-кеңес алуға асықты.
Ертіс өзенінің жағасындағы күзгі саулық мейрамы барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен күш-қуат жалынын тарту етті.
К. Апаев