№3 ПҚА-да алкогольден болатын улану бойынша дәрігерлік конференция өтті. Токсиколог дәрігер А.П. Комковпен назарға ұсынылған таныстырылымының тақырыбы кең де, салыстырмалы түрмен: бүйректің, жүректің өзгерістері – түрлі-түсті суреттермен толық.
Тақырыпты ашқан автор нақты фактілерге сүйене отырып, статистикалық мәліметтер келтірді: созылмалы маскүнемнің тек жартысы ғана 55 жасқа дейін өмір сүреді, сонымен бірге оның 19 пайызында өлім жіті жүрек жеткіліксіздігінен пайда болады. Созылмалы маскүнем кезінде болатын инфаркттың ерекшелігі көбінесе, инфаркт пайда болғаннан кейін адам ауруханаға түскенде 2-3 күндегі ауырсынусыз сипатта өтуі болып табылады.
Араққұмарларда жүрек-тамыр ауруларының өту барысы нашарлайды; ішімдікті ішкеннен соң, гипертоникалық сырқаттағы науқастарда ауруы кенеттен күрт асқынып кетуі мүмкін; ал атеросклероз науқастарында – коронарлық тамырларының қысылуы, жүрек ұстамасы, тіпті миокард инфарктісі болады. Ішке қабылданған алкоголь біраз уақытқа тері тамырларын кеңейтеді, алайда іле-шала тері, ми тамырлары түйіледі. Көп жағдайларда жас адамдарда миокард инфарктісі және миға қан құйылу спирт ішімдіктерін қабылдағаннан кейін пайда болады.
25 слайд – жастар ортасында да оқылуға сұралып тұрған тамаша материалдармен толықтырылған. Дәрігер Александр Петрович, өзінің қолы бос болмаса да, кез-келген қолайлы жағдай туып қалса, емделушілер арасында, сондай-ақ жастар аудиториясында алдын-алу жұмыстарына алтын уақытын бөледі.
К. Апаев