контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Жүрегі ақ, пейілі кең ұжыммен кездесу
04-10-2015 08:42
Жүрегі ақ, пейілі кең ұжыммен кездесу

Дәстүрге сай №3 Павлодар қалалық ауруханасының қызметкерлері Халықаралық Қарттар күніне қамдануды ертеден бастаған. Медицина мекемесінің құрылу бастауында тұрған еңбек ардагерлерімен кездесу – бұл барлығы үшін көптен күткен мереке.

Көп жылдар бойы еңбек еткен адамдардың көбісі қазіргі уақытта Үшінші ауруханадан құрметті демалыстарына шыққан. Бүгінгі таңда 111 адам №3 ПҚА зейнеткерлері болып есептеледі. Осындай үлкен ұжымның осы қарияларға деген тілегі де зор. Қаншалықты өзгелерге қажетті көмек, соншалықты оларға да қажет екендігін уақыт көрсетті. Сол өткен шақ пен бүгінгі шақтың байланысы әлі де берік. Бұны құшағы ыстық ұжыммен кездесуге келген жетпіске жуық ардагерлердің жарқын бейнелері дәлелдегендей.

Аурухананың бас дәрігері М.Н. Ахметов аға буынды мерекелерімен құттықтай отырып, жүректен шыққан жылы лебізін де аямады. Құрметті қонақтарға құт-береке, зор денсаулық, отбасыларына амандық тілеген А.Қ. Сыздықовқа кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Б. Ерубаева да тілекші болды.

Мереке №3 ПҚА қабылдау бөлімшесі мен зертхана қызметкерлерінің арқасында көңілден де, ойдан да шықты десе болар. Олардың аялы қолдарымен мәжіліс залы безендіріліп, олардың көлдей көңілдерімен тамаша мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жүрекжарды тілектер мен өлеңдер дәмге толы дастархан басында да жалғасын тапты. Жүрегі ақ, пейілі кең ұжым әр қонақты ықылас-ілтипатсыз қалдырмады. Бір сөзбен айтқанда, барлық ардагерлерге бұл мереке күні №3 аурухананың кәсіподақ комитетінен сыйлықтар тарту етілді.

К. Апаев