Жуырда №3 Павлодар қалалық ауруханасының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы заңнамасының енгізілуі және сақталуы туралы отырыс өтіп, сонымен қатар этиканы сақтау бойынша бақылаудың ішкі күшейтілуі жүргізілді.
Кеңесте №3 ПҚА ҚР Жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында жемқорлықты алдын алу бойынша жұмыс жеделдетілгені туралы хабарланды. Аурухананың бас дәрігері Мәрлен Ахметов ұжым алдында сөз сөйлеп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, оларға бақылау жүргізілуіне ден қойды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы өз ойын білдірген Жұлдыз Тельжановаға, бас дəрігердің емдеу қызметі жөніндегі орынбасары Алтай Сыздықов, бас дəрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары Бақыт Ерубаева, бас дəрігердің АҚ жəне ТЖ жөніндегі орынбасары Қуаныш Нысанбеков те қосылып, жемқорлыққа жол жоқ деді.
Жемқорлыққа қарсы осындай мәжілістер жемқорлықпен күрес және оны алдын-алу мақсатында ай сайын жүргізіліп отыратын болады. Отырыстың басты тақырыптары: жемқорлықты болдырмаудың тиімді жүйесін құрастыру үшін не істеу керек, мекемелерде оның пайда болуының негізгі факторлары жəне онымен қалай күресу керек. Сондай- ақ, Жемқорлыққа қарсы стратегияның мақсаттары мен амалдары талданып, оның негізгі бағыт-бағдары, басым болатын шаралары анықталды. Жиналғандардың ойлары бір жерге түйісіп, бұдан былай олар жемқорлық сияқты құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктің қатаң қағидатын ұстанатындарын жеткізді.
К. Апаев