контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Инсульттан кейінгі өмір туралы №3 ПҚА-да өткен конференция
19-11-2015 04:12
Инсульттан кейінгі өмір туралы №3 ПҚА-да өткен конференция

№3 Павлодар қалалық ауруханасында Инсульт орталығымен ұйымдастырылған «Ми қан айналымының жіті бұзылуы: этиологиясы, клиникасы, инсульттан кейінгі науқастардың күтімі, оңалту» тақырыбында конференция өтті.

Инсульт орталығының пост мейірбикесі С. Григорюк инсульттан кейінгі өмір туралы өзінің баяндамасында жете айтып берді. Орталықтың мейірбикелері О. Шестопалова мен С. Григорюктің таныстырылым материалдары істің мән жайын толық ашатын етіп жасалынған, айтар болсақ: қойылған диагноздан бастап, инсульт болған науқастың жақындары үшін айтылатын ұсыныстармен аяқталады. Түрлі түсті 50 слайдта – саты-сатымен, медицина қызметкерлері құрамының маңдай терімен жасалынған жұмыстары білініп-ақ тұр, дәл осыны адам өміріне араша түсу деп бағалау керек. Бұл сырқат түрі өте ауыр, десе де ерте оңалту емі кезінде, физикалық кемшіліктерді түзеу мен оңалту болса, өмір сапасын жақсартуға әбден мүмкін.

Ұйымдастырушылар шараның ең басында конференция қатысушыларына талқыға салынған тақырып бойынша білімдерін тексеретін тест толдыруға ұсыныс жасады. Сауалнама хабардарлық деңгейін, инсульт дегеніміз не екендігін, оның түрлері мен белгілерін, салдарын, тәуекел факторларын, науқастың қанындағы холестериннің бар болуын, оңалту дегеніміз не екендігін және бұл ауруды алдын алуы неден тұратындығын анықтау керек еді. Материалды зерделеген соң, тестілеуге қайта оралды. Басындағы және соңындағы тестілеу талдамы №3 ПҚА мейірбикелердің негізгі бөлігі инсульт кезінде медициналық көмек көрсету ісінде білімдері бар екендігін көрсетті.

Ұйымдастырушылар жиылысты қол жуу алгоритмінің белсенді көрсетілімімен аяқтады. Ең бастысы бұл күні аурухананың барлық бөлімшелеріндегі 80-нен астам мейірбикелер инсульт сияқты маңызды сұрақта білімдерін пысықтап алды.

К. Апаев