Жуырда №3 ПҚА-ның сайтына емделуші Ольга Викторовна басқа елдердің азаматтарына көрсетілетін медициналық қызмет мәселесін түсіндіріп беру өтінішімен жүгінген болатын.
Мезгілден бұрын айтар болсақ, бұған себеп болған оның №3 қалалық ауруханасына түсіп қалуы. Ольга Викторовна Ресей Федерациясының азаматшасы болып табылады, Қазақстанда оның ықтиярхаты бар. Үндеудің төркіні өтінішке ұласты: ҚР денсаулық туралы Кодексіне түсініктеме беріп, оның шыққан мерзімін көрсету. Қосар болсақ: хат кешкі уақытта жазылған, нақты 21.11.57. Келесі күні хат жолдаған емделуші ежей-тегжейлі түсіндірме-жауап алды. Осыдан түйін жасасақ, бұл сұрақ жиі қойылатын сұрақтардың бірі екен, сондықтан да берілер жауаптың негізгі мазмұнын жасау қажеттілігі бар деп табылды.
Қазақстан Республикасында ықтиярхаты бар және республика аумағында үнемі тұрып жатқан тұлға, шетелдік болып есептеледі. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі турады» Кодекске сәйкес тегін медициналық көмектің кепілді көлемі тек ҚР азаматтарына және оралмандарға көрсетіледі. ҚР аймағында тұрып жатқан өзге елдің азаматтары, тегін медициналық көмектің кепілді көлемін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашасындағы №1937 қаулысымен бекітілген, айналадағы адамдар үшін қауіп төндіретін жіті сырқаттар тізіміне сәйкес қана алуға құқылы. Қауіп төндіретін жіті сырқаттар тізімі: 1. Дифтерия; 2. Қызылша; 3. Қызамық; 4. Көкжөтел; 5. Жәншау; 6. Шешек; 7. Эпидемиялық паротит; 8. А, В, С Паратифтері; 9. Полиомиелит; 10. Жіті респираторлық вирустық жұқпалар; 11. Тұмау; 12. Менингококтық жұқпа; 13. Тырысқақ; 14. Іш сүзек; 15. Туберкулез; 16. Күйдіргінің өкпе түрі; 17. Оба; 18. Геморрагиялық вирустық безгек; 19. А, Е вирустық гепатиті; 20. Безгек; 21. Жіті ішек жұқпасының тобы. Шетел азаматтарына осы аталған тізімге кірмейтін медициналық қызметтер ақылы негізінде, сондай-ақ өз еркімен медициналық сақтандыру аясында немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен көрсетіледі.
К. Апаев