30 қараша күні сағат 11.00-де №3 Павлодар қалалық ауруханасының ұжымының төрт көзі түгел Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы көрсетіледі деп мәжіліс залдағы теледидар алдына жиналды.
«Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауды медицина қызметкерлері дағдарыс жағдайында қалай әрекет ету керек деген бағдарламаларды қамтыған құжат деп қабылдады. Сөз басы Президенттің әртүрлі уақыттағы өмірінен мысал ретінде үзінділер көретілумен басталды. Шынтуайтына келгенде, жастардың мемлекет басшысынан үйренері көп-ақ: тым бозбала шағынан бастап үйдің емес, түздің баласы болып кетеді. Өзге түгілі өзіне де, әр адамның тағдыры өз қолында екендігін дәлелдей білді. Қазақстан Магниткасының от жалынында қарапайым жұмысшы ретінде өткізген тоғыз жылы келешекке жолдама берді.
Сонымен, қазір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізді өз Отанының епті патриоты болуға шақыруда. Бұл дегеніміз, тек қана отандық өнімдерді өсіріп, өңдеп, тек қазақстандық киім-кешек кию. Сонымен бірге Елбасы шетелдік киімнен кем түспейтін өзінің отандық костюмін үлгі етті.
Ұжым, Президенттің 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға өсетіні туралы айтқан хабарын ерекше көңіл күймен қабылдады. Және де ауыл шаруашылығын да тың өзгерістер күтіп тұрғаны жаңалық болды. Жолдаудағы тоқсан ауыз сөздің бір түйіні ол, өзімізді өзіміз қолға алмасақ, ешкім де сырттан келіп қолұшын бере қоймас деген ой болды. Осынау әлемдік дағдарыс кезінде қалтадағы әр тиын тебен маңызды дегенді алға тартқан Елбасы Үкіметке жаңа инвестициялық саясатты әзірлеуді тапсырды. Жолдаудың әр сөзінде – зор жоспар бар, бұл жоспар тек бейбітшілікке, саналы болуға, адамға деген қамқорлыққа, елдің одан арғы дамуына бастар жол болмақ.
К. Апаев