№3 Павлодар қалалық ауруханасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Медицина қызметкерлері елдің көп жылдар бойғы экономикалық тұрақтылығы адамдардың ауқаттылығында байқалғанын терең түсінді.
1,5 миллионнан астам азаматтарға жәрдемақы мен көмек қаражаттың орасан зор көлемін төлеу арқылы, мемлекеттің халықтың тұрмысы төмен бөлігіне қолдау көрсетуге мүмкіндігі болған еді. Енді, Президенттің айтуы бойынша, «қалтаға қарай көсілу» қажет.
Әр отбасы өзінің жанұялық бюджетін қалай, қайда жұмсауын өзі шешетіні анық, неден бас тарту қажеттілігін де өзінен артық жақсы ешкім де білмес. Жолдау бойынша пікірлескен дәрігерлер де, орта буын және кіші буын медицина қызметкерлері де, мемлекеттің қиындықтарға қарамастан 2016 жылғы 01 қаңтардан бастап жалақыны денсаулық сақтау қызметкерлеріне – 28 пайызға дейін, білім саласының мамандарына – 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғауға – 40 пайызға дейін өсіретінін жақсы бағалады. Әрине, бұл арқадан қағуға тұрарлық әрекет, дағдарыс кезінде еңбекақыны қысқартпай, керісінше өсіру деген – астамдық, дегенмен осындай қадамға тек өз азаматтарына жанашырлық танытқан мемлекет қана бара алатынына келіспеске бомайды.
Медицина қызметкерлерінің бұл дағдарыстың ауыл шаруашылығына, басқа да салаларға әсеріне аса назар аударулары да, айтпаса да түсінікті ғой. Алдағы уақыттардағы осы салалардағы бағаның құрылуы ақ халаттылардың қызу талқылауға түскен тақырыбына айналды. №3 ПҚА ұжымы Елбасының халыққа Жолдауын талқылау кезінде – бірауыздан ертеңгі күнге сенімділік бар деген шешімге келіп тоқтады.
К. Апаев