№3 Павлодар қалалық ауруханасында елдің басты мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының шырқалуымен шымылдығын ашты.
Осыдан 24 жыл бұрын, нақты 1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды. Концерт жүргізушілері барлығы қалай басталды деген сұрақтың жауабын табу үшін өткенге көз жүгіртіп, тарих беттерін парақтауға, оны барынша сезініп қалуға мүмкіндік берді.
«Желтоқсан» ұғымының мазмұнын ашу үшін қазақ драма театрының әртістері көрініс қойып, шындығында сол желтоқсан оқиғасының куәгерлері ретінде, сол болған қасіретті әрбір көрерменнің жүрегіне жеткізе білді.
Салтанат ұйымдастырушылары – терапия бөлімшесінің ұжымы, олар да өз тараптарынан әріптестерінің көңілінен шығу үшін барын салған. Ән де, жыр да, би де бар сценарий – әрбір көрерменнің патриоттық сезімін туғызу үшін шеберлікпен құрастырылған. Терапия бөлімшесінің меңгерушісі Нәзира Көпбосынқызы Смағұлова ұлтымыз үшін Ұлық күн саналған Тәуелсіздік күні қарсаңында барлық жиналған қонақтарды тамаша мерекені бөліскендері үшін зор алғысын білдіріп, ізгі тілегін арнауды да ұмытпады.
К. Апаев