контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА хирург мамандарына шексіз алғыс сөз
22-12-2015 20:22
№3 ПҚА хирург мамандарына шексіз алғыс сөз

Күнделікті, №3 Қалалық аурухананың қабырғасынан сауығып шыққан әрбір адам, ақ халаттыларға зор алғыстарын білдіруді де ұмытпақ емес. Сол емделушілердің бірі – Назым Қабдылова. Шексіз алғыс сөзі далаға айтқандай болмасын деп, ризашыл Назым ханым облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың атына хат жазу керек деп шешті. Енді міне, сол хат біздің де қолымызға тиді.

Шынтуайтына келсек, әрбір жасалған игі іс жақсы сөз бен алғысқа бөленуі тиіс. Жаңа жыл қарсаңында, №3 Павлодар қалалық ауруханасы әкімшілігіне азды-көпті хаттар келіп түсетінін айтсақ, олардың көбісі облыс әкімдігі сайтынан алынып, қайта жарияланатыны да жасырын емес.

Біз де сөзіміз жерде қалмасын деп, жоғарыда аталған хаттың мазмұнын сөзбе-сөз келтіруді дұрыс деп таптық. Сонымен...

Үшінші қалалық ауруханасындағы хирургия бөлімшесінің ұжымына айтар алғысым шексіз, атап өтсем: дәрігерлеріне, мейірбикелері мен кіші буын медицина қызметкерлеріне. Соның ішінде ерекше ризашылығымды өзімді емдеген дәрігерім Рафкат Габдрашитович Нигматуллинге білдіргім келеді. Бұл адамның кәсібилігі мен жүректілігі таң қалдырады. Барлық емделуші қауымға жасаған жақсылығы өзіне мың есе жақсылық болып қайтсын. Сондай-ақ, келе жатқан 2016-жылы барлық медицина қызметкерлеріне жемісті жұмыс, адал емделушілер тілеймін. №3 ПҚА үлкен ұжымына зор денсаулық! Еңбектеріне мың алғыс!

 

Тілек білдіруші: Назым Қабдылова