контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
Барлық жұмысты ұйымдастырғандарыңыз үшін мың алғыс!
17-01-2016 04:01
Барлық жұмысты ұйымдастырғандарыңыз үшін  мың алғыс!

№3 Павлодар қалалық ауруханасының сайтына осы жылдың бірінші хаты келіп түсті. Бұл хатты алғысы мол емделушілер атынан Полина Энгель жазыпты. Осы хаттың ерекшелігі жасалынып жатқан адал істерді ұйымдастырудағы №3 ПҚА бас дәрігері – Мәрлен Нариманұлы Ахметовтың еңбегін көре білген көздерде, хат арқылы жеткізе білген сөздерде жатыр. Ал енді, жақсылыққа толы хаттың толық мазмұнын сіздерге жеткізуді жөн санадық.

 

         Сәлеметсіздер ме! Шын жүректен өз алғысымды №3 Павлодар қалалық ауруханасының гинекологиялық бөлімшесіне білдіргім келеді. Аса зор рахметімді бөлімше меңгерушісі, сондай-ақ маған ем жасаған Лилия Ивановна Новокрещеноваға, барлық мейірбикелер қауымына, бөлімшенің кіші медицина қызметкерлеріне айтамын. Сіздердің адал істеріңіз жылы жүректеріңізден, ыстық қайраттарыңыздан, нұрлы ақылдарыңыздан көрініп-ақ тұр. Кәсібиліктеріңізге сөз жоқ! Көрсеткен сауатты медициналық көмектеріңізге қайран қалуға болады.

         Ең бастысы, аурухана ішінде жақсы жұмыс пен тәртіпті орнатып отырған, кәсіби мамандарды төңірегіне топтастыра білген бас дәрігер Мәрлен Нариманұлының еңбегін бағалау қажет. Барлық емделушілер атынан тілек жолдар болсам, Сізге және Сіздің обасыңызға зор денсаулық, жұмыста табыс және кеңпейілді емделушілердің көптеп келуін тілеймін!

 

Аса құрметпен,

 4-палатада ем қабылдап жатқан

 Энгель, Кравцова