контакт: 8(7182)643896 bsmp@inbox.ru
адрес: Павлодар қаласы, Батурин көш., строение 4/1
№3 ПҚА веб-сайты тәулік бойы жұмыс жасауда
17-01-2016 04:05
№3 ПҚА веб-сайты тәулік бойы жұмыс жасауда

Біз осының алдында №3 ПҚА сайтымен облыc тұрғындары белсенді түрде қолданатыны туралы жазып едік. Ендігі, емделушілердің дәрігерлермен хат алысып тұруы жақсы бір дәстүрге айналды десек қателеспейміз, бұл жерде олар медициналық кеңеске жүгіне алатынын тағы айта кетсек, артық болмас. Сонымен, Павлодар қаласының түрғыны Гүл ханым жұмыс күні соңында, нақты 17:52-де келесі мазмұндағы сұрақпен жүгінді:

        

         Сәлеметсіздер ме! Мархабат, жауап бере алсаңыздар, маған күніне 2 рет бұлшықетішілік екпе тағайындалған болатын. Сұрар болсам, мен сіздердің ауруханаларыңызда демалыс күндері, сенбі және жексенбіде екпе жасата аламын ба? Егер мұндай қызметке жүгіне алсам, қай жерге бара аламын және бұл жөнінде нақтырақ білу үшін қай нөмірге қоңырау соға аламын?

         Келесі күні таңғы уақыттарда Гүл ханым сұрағына жауап алды.

         Құрметті Гүл! Егер де сізге ем-дом тағайындалған болса, сіз дәрігердің тағайындауымен №3 ПҚА сервистік бөлімшесіне жүгіне аласыз. Сервистік бөлімше әкімшілік ғимараттың 4-қабатында орналасқан. Телефоны: 64-39-16. Нақтырақ, Жұмагүл Көшербайқызына жүгінсеңіз, ол сізге екпе қойып береді. Тағы бір мәрте еске саламыз: тек қана дәрігердің тағайындауымен келе аласыз. Іске сәт!

         Айтар болсақ, №3 Қалалық ауруханасының веб-сайтына жолданатын осыған мағыналас жүгінулер көп. Өткен жылда бірде-бір сұхбаткердің көңілі қалмай, барлығы сауалдарына жауап алды. Емделушілерді қолдау Қызметі әр үндеуді назардан тыс қалдырмай, келіп түскен әр сұрақ өз жауабын табуын қадағалауда.

                    

К. Апаев